Жаңа 2026 жылды қандай образда қарсы алған дұрыс?
Фото. Spotlight, Balenciaga, Schiaparelli, Elie Saab және Maison Margiela, Haute Couture, күз-қыс 2025

Жаңа 2026 жылды қандай образда қарсы алған дұрыс?

11 декабря 2025

Жаңа жылға тура үш апта қалды, сондықтан басты түнге арналған киімді аса жауапкершілікпен таңдаудың уақыты келді. 2026 жыл Қызыл отты жылқының қорғауында өтеді. Осыған байланысты бордодан кораллға дейінгі қанық реңктер өте орынды болмақ. Сонымен қатар алтын, сары және қызғылт-сары түстер, сондай-ақ табиғи жасыл гамма да Жаңа жылда сәттілік әкеледі. Harper’s BAZAAR Kazakhstan сізге Жаңа 2026 жылды қандай образда қарсы алу керегін қазір айтып береді.

Жанр классикасы

Рассказываем, в чем встречать Новый 2026 год?
Коллаж: Vivienne Westwood, Paris Texas, PUCCI, Oscar de la Renta және Izabel Display брендтерінің баспасөз-қызметі ұсынған фото

Корсет көйлек ешқашан мерекелік шарада артық болмайды. Vivienne Westwood-тың культті моделі — бай шарап түсті көйлек — сіздің басты «құпия қаруыңыз» болмақ. Образды соған лайық жарқын аксессуарлармен және аяқ киіммен толықтырыңыз — сонда максималистік әрі әсерлі «лук» дайын.

Жануарлардың мінезі

Рассказываем, в чем встречать Новый 2026 год?
Коллаж: Atu Body Couture, Rabanne, Jimmy Choo, Weekend Max Mara және COS

Тері шалбар мен жасанды теріден жасалған жағалы аксессуар (оны иыққа тастау өте сәнді көрінеді) образға батылдық пен айқындық береді. Қосымша силуэтті блуза мен винтаж стиліндегі клатч болсын. Осылайша, бірнеше тренд бір аутфиттің аясында тоғысады.

Алтынмен кестеленген

Рассказываем, в чем встречать Новый 2026 год?
Коллаж: AJE., Bottega Veneta, CULT GAIA, Cartier

Жылқылар нәрлі, жасыл шалғындай жерді жақсы көреді. Сол себепті сізге табиғи түстерді таңдаған жөн: лайм, изумруд, қылқан жапырақ реңктері. Бұл бай әрі әдемі түстерді алтын әшекейлер мен сағаттар, сондай-ақ сәйкес гаммадағы аксессуарлар мінсіз толықтырады.

Тундра патшайымы

Рассказываем, в чем встречать Новый 2026 год?
Коллаж: TWINSET, DANIELLE FRANKEL, Asta Resort, GIANVITO ROSSI, Atu Body Couture және Valentino

Егер Жаңа жылды далада, жақындарыңыз бен отшашулар арасында қарсы алуды жоспарласаңыз, міндетті түрде жылы киініңіз. Жоғарғы киім негізгі нарядпен үйлесімді болуы аса маңызды. Аутфитіңіз сексуалды әрі сезімтал болсын, ал жеңі мен жағасы контрастты қаптамамен әрленген дубленка — назар аударарлық акцентке айналсын.

Ерекшелікке жол ашық

Рассказываем, в чем встречать Новый 2026 год?
Коллаж: Gucci, Loro Piana, Marc Jacobs, Simone Rocha және GCDS

Сәттілік батыл адамдарды жақсы көреді. 2025 жыл толықтай кремді май реңкімен ассоциацияланды — нәзік, «дәмді» және әдемі. Неліктен оны сәнді түрде шығарып салмасқа? Жаңа жылды дәл сол тартымды палитрада жасалған жилет пен шалбарда қарсы алыңыз. Образды батыл әрі сюрреалист аксессуарлармен толықтырыңыз. Айтпақшы, Moschino шоуларынан да жақсы идеялар табуға болады.

Ыңғайыңызға қарай

Рассказываем, в чем встречать Новый 2026 год?
Коллаж: KHAITE, Stuart Weitzman, Givenchy және Bvlgari

2026 Жаңа жылын тағы немен қарсы алуға болады? Ережеге бағынбайтын немесе астролог кеңестеріне сенбейтіндер үшін біз ескі, бірақ сенімді классикаға жүгінуді ұсынамыз. Образдың басты элементі — көз жауын алатын, әсерлі, асыл тастармен зерленген алқа болсын. Сізді ешкім көлеңкеде қалдыра алмайды.


Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше