Желтоқсан айына арналған сұлулық жұлдыз-жорамалы
Фото. Spotlight. Torisheju, көктем-жаз 2026

Желтоқсан айына арналған сұлулық жұлдыз-жорамалы

04 декабря 2025

Алда өте қарқынды кезең басталады, бірақ өзіңізге уақыт бөлуді ұмытпаңыз. Біздің желтоқсан айына арналған бьюти-жұлдыз жорамалымыз мерекелік қарбаласта жарқырауыңызға көмектесетін косметикалық өнімдерді ұсынады. Сіз қазірдің өзінде жақындарыңызға сыйлықтар жайлы ойланған боларсыз, бірақ өзіңізге де сый жасауды естен шығармаңыз. Жаңа жылдық wish-list құрып жатқанда, күтім әлеміне бірге бойлайық. Міне, дәл осындай күнделікті ритуалдар сіздің менталды саулығыңызды да сақтап тұрады.

Бұл айда сұлулық процедуралары үшін қолайлы күндер қандай?

3, 4, 6, 7, 10, 12, 14, 17, 23, 24, 25, 27–30 желтоқсан — шаш қиюға сәтті күндер. 4, 27 және 29-ы — шашты нығайту процедураларына жақсы. 4 және 7 желтоқсанда батыл өзгерістерден қорықпаңыз. 3–4, 6, 7, 10, 12, 17, 18, 23–25, 27–31 — бояуға қолайлы. 11–13, 18–20, 27–29 — дене эпиляциясы үшін ең жақсы күндер. 3–6, 14–16, 28–30 — беттегі түктерді кетіруге ыңғайлы. 2–6, 12, 14–17, 20–23, 29–31 — маникюр мен педикюр үшін жақсы уақыт. Ал 3–6 желтоқсан аралығы қас пен кірпік түзетуге ең қолайлы кезең. Harper’s BAZAAR Kazakhstan әр зодиак белгісіне желтоқсанда қандай бьюти-өнім сатып алған дұрыс екенін де айтады.

Тоқты

Қазір сізге белсенділік қажет. Бұл кезең шешім қабылдауды, әрекет етуді және жайлылық аймағынан шығуды талап етеді. Денеңізге де көмек керек. Ретинолы бар крем дәл осы уақытта өте пайдалы: ол жасушалардың жаңаруын жылдамдатып, теріні тегіс әрі жас ұстайды.

Бьюти-гороскоп на декабрь для всех знаков зодиака
COSMEDIX

Торпақ

Сізді алда үлкен жетістіктер күтіп тұр: жақында еңбегіңіздің жемісін көресіз. Тынымсыз еңбек міндетті түрде марапатталуы тиіс. Өзіңізге құрбыңызбен SPA-ға баруды немесе үйде жайлылық атмосферасын сыйлаңыз. Хош иісті көпіршікті ванна мен тыныштық сыйлайтын шамды ұмытпаңыз.

Бьюти-гороскоп на декабрь для всех знаков зодиака
Maison Francis Kurkdjian

Егіздер

Сіздің коммуникация дағдыларыңыз жақсы дамыған, бірақ дәл қазір өз сиқырыңызды жиірек қолдану маңызды. Бұл жұмыс пен жеке өмірде жақсы нәтижелер әкеледі. Ал мінсіздігіңізге сенімді болу үшін ағартушы бөлшектері бар тіс пастасын пайдаланыңыз — ешнәрсе жоспарды бұза алмайды!

Бьюти-гороскоп на декабрь для всех знаков зодиака
SWISS SMILE

Шаян

Өзіңізде ашу мен негативті жинау – жаман идея, бірақ оны жақындарға бағыттау одан да жаман. Оның орнына бұл энергияны пайдалы арнаға бұрыңыз — мысалы, спортқа. Белсенді жаттығулар немесе жай серуеннің өзі стрессті азайтып, тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі. Ал соңында — хош иісті гельмен душ қабылдау. Бұдан артық не бар?

Бьюти-гороскоп на декабрь для всех знаков зодиака
Augustinus Bader

Арыстан

Қиындықтар — кез келген жолдың бөлінбес бөлігі. Оларды дұрыс бағытқа бұра білгенде ғана пайдасы тиеді. Денсаулыққа да ерекше көңіл бөлу керек: иммунитет те, терінің күйі де назардан тыс қалмасын. С дәрумені бар концентрат — теріге жарқырау сыйлап, қартаю белгілерімен күресетін ең дұрыс шешім.

Бьюти-гороскоп на декабрь для всех знаков зодиака
SOTHYS

Бикеш

Қазір өміріңізде білім алуға көбірек мүмкіндік пайда болады. Желтоқсанға арналған бьюти-жұлдыз жорамалы бұл әлеуетті өмірдің барлық саласына қолдануға кеңес береді. Косметологқа барып, сұлулық әлеміндегі жаңа трендтер жайлы кеңес алыңыз. Мысалы, ПДРН қосылған крем бүгінде ең танымал өнімдердің бірі.

Бьюти-гороскоп на декабрь для всех знаков зодиака
VT Cosmetics

Таразы

2025 жыл аяқталуға жақын, онымен бірге кейбір жобалар да тәмамдалады. Олардың презентациясына ұзақ дайындалдыңыз. Құнарлы сөйлеу — бір бөлек, бірақ тыңдармандардың сізге көз тігуден танбауы да маңызды. Қою ши-шоколад түсті мінсіз далаб бұл әсерді керемет күшейтеді. Оның үстіне, бұл — биылғы қыстың ең трендті реңі.

Бьюти-гороскоп на декабрь для всех знаков зодиака
YSL Beauty

Сарышаян

Бұл айда сәттілік өзі келіп қонады, тек аздап асықтыру керек. Ішкі сенімділік — жақсының бәрін өзіне тартатын магнит. Бірақ шынайылықты тым көп көрсете бермеңіз, сәл ғажайыпқа орын қалдырыңыз. Күтпеген кездесулер немесе тіпті қызметте көтерілуіңіз мүмкін. Мінсіз өң ешқашан артық болмайды, оған праймер көмектеседі.

Бьюти-гороскоп на декабрь для всех знаков зодиака
Guerlain

Мерген

Мергендер үшін бәрі оңай. Скептик бойында күмән оятуы мүмкін, бірақ бұлай уайымдаудың қажеті жоқ — бәрі лайықты. Мүмкін, сізді іссапар немесе басқа елдерге жол жүру күтіп тұрған шығар, тіпті жылы аймақтарға. Кешкі (тіпті іскерлік) дастарқанда көздің жауын алу үшін SHIKstudio-ның меруерттей жылтыр, ұзақ сақталатын көлеңкелері тамаша жарайды.

Бьюти-гороскоп на декабрь для всех знаков зодиака
SHIKstudio

Тауешкі

Күтпеген роман, жаңа жобалар немесе тосын ұсыныстар: желтоқсанда батылдық танытсаңыз, күткеннен де көп аласыз. Жарқын болудан қорықпаңыз — бұл назар аудартудың ең жақсы жолы. Қазір желіде румяна мен жеңіл жылтырды біріктіретін ерекше хайлайтерлер трендте, неге байқап көрмеске?

Бьюти-гороскоп на декабрь для всех знаков зодиака
Dior

Суқұйғыш

Суқұйғыштардың өз құндылықтарын бөлісетін жанмен тосын кездесу күтіп тұр. Бұл міндетті түрде романтикалық байланыс болмауы да мүмкін. Тәуекелді әрі креативті шешімдер жұмыста үлкен пайда әкеледі, ал қызмет саласы өзгеруі де ғажап емес. Не болса да, әрдайым мінсіз көрінген жөн. Спрей-сыворотка бұл міндетті әп-сәтте орындайды.

Бьюти-гороскоп на декабрь для всех знаков зодиака
d'Alba

Балықтар

Желтоқсанға арналған бьюти-жұлдыз жорамалы сырт келбетке ерекше назар аударуға кеңес береді. Мүмкін, сіз әлденені ұзақтан бері өзгерткіңіз келіп жүрген шығар — дәл қазір өте қолайлы уақыт. Оңай бейімделетін ұсақ өзгерістерден бастаңыз. Мысалы, жарқын көз бояулары сізді жайлылық аймағынан шығарып, жаңа қырларыңызды ашуға көмектеседі!

Бьюти-гороскоп на декабрь для всех знаков зодиака
Givenchy

Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан. Фото. Брендтердің баспасөз қызметі.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше