2025 жылдың желтоқсан айына арналған жұлдыз жорамал: жылды үйлесімді аяқтау жолдары
Фото. Дарина Шапошникова.

2025 жылдың желтоқсан айына арналған жұлдыз-жорамал: жылды үйлесімді аяқтау жолдары

01 декабря 2025

2025 жыл да аяқталуға жақын. Бұл жыл оңай болған жоқ — оқиғалар мен сынақтарға толы кезең болды. Алайда алда әлі бір толық ай бар, оны дұрыс әрі мағыналы өткізу маңызды. Желтоқсан айını қалай ең қолайлы түрде өткізуге болады? Бұған жұлдыз-жорамал көмектеседі.

Тоқты

Сізге ойланбай жұмсалатын шығындардан бас тартып, жаңа жылға қаржылық қор дайындау ұсынылады. Соңғы уақытта мүмкіндігіңізден тыс көп еңбек еттіңіз, сондықтан қазір қалпына келу ерекше маңызды. Массаж курстары, күтім немесе аппараттық процедуралар күш-қуатыңызды қалпына келтіріп, ішкі тепе-теңдік әкеледі. Жаңа энергия мен айқындық кезеңі жақын.

Торпақ

Баяулап, мақсаттарыңызға жаңа көзқараспен қарауға уақыт келді. Өткен қателіктерді талдау болашақта оларды қайталамауға көмектеседі. Айналаңыздағы адамдармен қарым-қатынаста көбірек икемділік пен шыдамдылық танытқаныңыз жөн. Артық қаталдық, әсіресе жақын адамдармен қатынаста, кері әсер етуі мүмкін.

Егіздер

Бұл айда даулы жағдайлар мен шиеленіскен әңгімелер туындауы мүмкін. Сөздеріңіз бен әрекеттеріңізге мұқият болыңыз, өткір пікірлер мен ойланбаған мәлімдемелерден аулақ болыңыз. Әсіресе іскерлік және ресми байланыстарда сақтық қажет.

Гороскоп на декабрь
Фото. Дарина Шапошникова.

Шаян

Желтоқсан жеке қарым-қатынастарды нығайтуға қолайлы. Серігіңізге көбірек көңіл бөліп, жұмыстың көптігі немесе ішкі күйзелістен туған эмоционалдық алшақтықты толтыруға тырысыңыз. Бұл кезеңде ашушаңдық болуы мүмкін, бірақ ол уақытша. Шынайы әңгіме барлық түсініспеушілікті жояды.

Арыстан

Жыл аяқталғанда шаршау мен эмоциялық әлсіреу — қалыпты құбылыс. Өзіңізге қысқа демалыс беріп, күш жинаңыз. Бірақ демалысты тым созып жібермеңіз — жаңа жылға дейін аяқталмаған істерді реттеп үлгеру маңызды. 2026 жылды артық міндеттемелерсіз бастаңыз.

Бикеш

Желтоқсан айы айтарлықтай қаржылық нәтижелер әкелуі мүмкін, әсіресе бизнес немесе басқару саласында жүргендерге. Бірақ табыс артқан кезде де тілектер мен шығындарды бақылауда ұстау маңызды. Асығыс инвестициялар мен ойланбаған шешімдерден аулақ болыңыз — салмақтылық пен стратегия бірінші орында.

Гороскоп на декабрь
Фото. Дарина Шапошникова.

Таразы

Жұмыс ұжымында түсініспеушіліктер немесе өзіңізді оқшауланғандай сезіну жағдайлары туындауы мүмкін. Егер мұндай жайт орын алса, жағдайды өз бетімен жібермеңіз. Ізет, сабыр және табандылық танытып, жағдайды өз пайдаңызға шешуге тырысыңыз. Әрекетсіздік қарым-қатынастағы шиеленісті ұзартып жіберуі мүмкін.

Сарышаян

Бұл ай — бұрыннан келе жатқан тілектерді орындауға қолайлы кезең. Сізді бұрын ерекше шабыттандырған армандарды, мақсаттарды немесе идеяларды еске түсіріңіз. Қуаныш сыйлайтын дүниелерге ұмтылуға мүмкіндік беріңіз, бірақ шамадан артық кетпей. Қазір батыл шешімдер қабылдап, өзіңізді жүзеге асыруға жақсы уақыт.

Мерген

Желтоқсанда алыс сапарлардан бас тартқан жөн. Жақын ортаңызға көңіл бөліп, отбасы және достармен көбірек уақыт өткізіңіз. Сыртта серуендеудің де пайдасы зор — күн суық болса да, қозғалыс көңіл-күйді жақсартып, энергия береді.

Гороскоп на декабрь: как благоприятно завершить 2025 год?
Фото. Дарина Шапошникова.

Тауешкі

Жеке өмірде кернеу мен өзара түсінбеушілік тууы мүмкін. Желтоқсанға арналған жұлдыз жорамал қарым-қатынаста шағын үзіліс жасап, серіктеске де, өзіңізге де ой түюге кеңістік беруді ұсынады. Бұл одақтың болашағын салмақты бағалауға көмектеседі. Қазіргі таңда жалғыз жүрген Тауешкілерге жаңа байланыстарға асықпау жөн.

Суқұйғыш

Қоршаған жағдайлар сізге қарсы сияқты көрінуі мүмкін, бірақ бұл — уақытша сезім. Алдағы кезең жағымды тосынсыйлар, жылы көңіл мен мүмкін романтикалық белгілер әкеледі. Жаңа таныстықтар пайда болып, көңіл-күйіңізді көтеруі ықтимал.

Балықтар

Желтоқсан — үйіңізді жайлы етуге қолайлы ай. Интерьерді жаңартып, жаныңызға жақын, көзге жағымды детальдар қосыңыз. Бұл міндетті түрде мерекелік безендіру болуы шарт емес — бастысы, кеңістік үйлесімді әрі көңілге қонымды болуы. Мұндай әрекет ойыңызды босатып, энергияңызды шығармашылыққа бағыттайды.


Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше