Жыл көзді ашып-жұмғанша аяқталды, күнделікті күйбең тіршілікпен мерекелік маусымның таяп келгенін байқамай да қалдық. Дегенмен, босаңсуға әлі ерте: алдымызда сан алуан шаруаларға, уәделер мен арманға толы 31 күн бар. Біздің сәндік жұлдыз-жорамалымыз нені күту керегін де, ішкі әлеміңізді ашып көрсететін образдарды да біледі. Harper’s BAZAAR Kazakhstan сіз білгіңіз келген ақпараттармен бөліседі.
Тоқты
Жыл соңында күш таусылғандай көрінеді. Бірақ Тоқтыларға мұның қатысы жоқ. Сізде табандылық та, энергия да жеткілікті болады. Қиындыққа мойымай, маңызды шешімдерді жауапкершілікпен қабылдаңыз. Мерекелік to-do тізіміңізге мінсіз жаңа жылдық киім іздеуді қосыңыз — тіпті біреу ғана емес шығар.
Торпақ
Желтоқсан – әдетте қорытынды жасайтын уақыт, бірақ Торпақтар да, Тоқтылар сияқты, орындарында отыра алмайды. Қазір өзгеріс жасауға тамаша сәт. Бұл жеке өміріңізге (мүмкін, серігіңізбен қарым-қатынас жаңа деңгейге көтеріледі), мансабыңызға да, имиджіңізге де қатысты болуы мүмкін. Алдымен стильмен эксперименттен бастап көріңіз. Неге жоқ? Ыңғайлы аймақтан шығатын кез келді.
Егіздер
Қол қусырып отыруға болмайтын тағы бір белгі — Егіздер. Қазір бастаманы өз мойныңызға алып, жағдайды өзіңізге керек қарқынға түсірген дұрыс. Ашық, қарым-қатынасқа бейім және энергияға толы болыңыз. «Лукыңыз» өзі-ақ бәрін білдірсін де, айналаңызға жақын тартсын.
Шаян
Сіздер үшін екі ұшты кезең басталады. Бір жағынан, ойға алғаныңызды жүзеге асырып, армандарды өмірге енгізіп, 2026 жылға бағдарлар белгілемек боласыз. Екінші жағынан — ең алдымен психикалық саулығыңызды ұмытпаңыз. Әлден қазір демалуға ең қолайлы уақыт сияқты. Қала сыртына сапар не аяқасты демалыс өте орынды болмақ. Қалай болғанда да, сәнді спорттық костюм керек болады.
Арыстан
Желтоқсан сіз үшін жеңіл ай болады деу қиын, бірақ бұл оны ауыр не мұңлы етеді деген сөз емес. Керісінше, күшіңіз жететін қиындықтар қуанышты сәттермен астаса жүреді. Жұлдыздар сүйіктіңізбен не болашақ серіктеспен бірнеше романтикалық кездесу уәде етеді. Мұндай мүмкіндікті жіберіп алмаңыз. Оның үстіне оған лайық образ да дайын.
Бикеш
Өткеннің өкпесін қоя беретін уақыт келді. Мақсаттарға назар аударып, жаңа нәрсені байқап көріңіз. Ұйымдастырушылық қабілетіңіз бен көшбасшылық қасиеттеріңіз межеге тезірек жетуге жәрдемдеседі. Желтоқсанда да солай. Қазір ойыңыз жұмысқа ауып тұр, сондықтан оған қуана барып, қажетіңіздің бәрін жаныңыздан тастамаңыз.
Таразы
Таразы, өмірдің өзі — ғажайып құбылыс екенін ұмытпаңыз. Ол күтпеген жерден де тосынсый сыйлай алады. Оптимистік көңіл-күй сізге тек пайда әкелмек. Бұл ай жаңа таныстықтар мен маңызды байланыстар әкеледі. Қай кешке де жарасатын көйлек алып қойсаңыз қайтеді?
Сарышаян
Сарышаяндарды тұрақтылық пен тыныштық кезеңі күтіп тұр. Қазір «қор жинауға» ең оңтайлы шақ: қаржылық қор жасап, Жаңа жылға дейін күш жинаңыз. Дегенмен өзіңізге сый да жасаңыз. Мерекелік ивенттерге негіз болар әсерлі образ құрап қойыңыз.
Мергендер
Ай оқиғаларға бай болады — бұл таңсық емес, өйткені жаңа жылдық шаралар сіздің туған күніңізбен қатар өтіп жатады (егер әлдеқашан өтіп қоймаса). Сарапшылар кештерге дайындықпен қатар, денсаулыққа да көңіл бөлуді ұсынады. Кәсіби сала да назардан тыс қалмайды. Ауа райына қарамай күн сайын көңіл қуанта алатын әсем сырт киім туралы ойланған жөн.
Тауешкі
Тауешкілерді оңай емес жол күтіп тұр. Қиындықтар мен кедергілер, тіпті қолайсыздықтар да жолыңыздан шығуы мүмкін. Бірақ сабыр сақтап, эмоцияны сауатты түрде шығаруды білу «жанып кетуден» қорғайды. Мүмкіндік туған сайын оны демалыс пен қалпына келуге арнаңыз. Стретчинг, йога немесе пилатес сізге тек пайда әкеледі. Сондықтан өзіңізге әдемі спорттық комплект қарастырыңыз.
Суқұйғыш
Көптен бері қызмет саласын өзгерткіңіз келіп жүрсе, дәл қазір — сәті. Бірақ асығыстыққа салынбай, өзіңізді шынымен қызықтыратын бағытты іздеңіз. Шығармашылық Суқұйғыштар бұл айда ойға алғанын жүзеге асырып, көп қуанышқа кенеледі. Тізімге «Жаңа жылды қарсы алатын мінсіз аутфитті табу» деген тармақты да қосқан дұрыс. Сенеміз, бұл бір қызық дүние болмақ.
Балықтар
Балықтар, біздің желтоқсанға арналған сән жорамалымыз сізге тағы да имиджді жаңартуды меңзейді. Алайда тым қатты тәуекелге бармай, шағыннан бастап көріңіз. Бұл аутфиттерге де қатысты. Біреулер сөмке мен аяқ киімді бір түске сәйкестендіру — моветон десе, енді біреулер мұны 2020-жылдардың ең стильді әдісі санайды. Сізге де осы әдісті тәжірибеде қолданып көру керек.
Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан. Фото. Брендтердің баспасөз қызметі.