Сағынышқа айналған дауыс иесі: Батырхан Шүкеновтың дүние салғанына 10 жыл!
Фото. Instagram @batyr.foundation

Сағынышқа айналған дауыс иесі: Батырхан Шүкеновтың дүние салғанына 10 жыл!


Күні кеше қазақ музыкасының алтын дауысы,  талай жүректерге жол тапқан әнші Батырхан Шүкеновтің өмірден озғанына тап-тұйнақтай 10 жыл толды. Уақыт сырғып өтсе де, оның әндері мен шынайы болмысы тыңдарман жадында мәңгілікке сақталмақ. 

Батырхан Шүкенов - қазақ музыкасында өзіндік қолтаңбасын қалдырған ерекше тұлға. «А-Студио» тобының құрамында халықаралық аренада өнер көрсетіп, кейін жеке шығармашылығында да өзінің нәзік лирикасы мен терең эмоцияға толы әндері арқылы миллиондардың сүйіспеншілігіне ие болды. Музыканттың «Отан Ана», «Сағындым сені», «Дождь» секілді туындылары әлі күнге дейін тыңдарманды мың толғатып, тебірентеді.

10 жыл өтсе де, Батырдың бейнесі – жылы жүзді, қарапайым, шынайы өнердің символы ретінде халықтың жүрегінде сақталып келеді. Асау сезім лирикасын керемет сипаттай білген әншінің дауысы бүгінде сағынышқа айналған дауыс. Осы тұста әншінің өнеріне тәнті, қалдырған музыкасын жүрекпен бағалайтын біршама әріптестері ол жайында ыстық естеліктерімен бөлісіп, албырт сағыныштарын білдірді. 


Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше