Тарих тұнған орын: қазақтың ұлы тұлғалары тұрған үйлер бүгінге дейін сақтаулы
Фото. Shutterstock.com. Автор. Shutterstock AI

Тарих тұнған орын: қазақтың ұлы тұлғалары тұрған үйлер бүгінге дейін сақтаулы


Уақыт өз өрнегін салғанымен, кейбір үйлер мәңгілік мұраға айналады. Қазақ халқының тарихында ерекше орын алған ұлы тұлғалардың тұрған үйлері де бүгінгі күнде мұражайға айналып, өткеннің үнінен сырт шертуде. 

Ахмет Байтұрсынұлының музей-үйі

Алматы қаласының дәл жүрегінде орналасқан Ахмет Байтұрсынұлының музей-үйі — қазақ халқының рухани жаңғыруының куәсі. Қазақ тіл білімінің негізін қалаған, ұлт ұстазы атанған Ахмет Байтұрсынұлы бұл үйде 1934-1937 жылдар аралығында тұрған екен. Кеңестік кезеңнің ауыр қысымына қарамастан, Байтұрсынұлы ұлты үшін еңбек етуден таймаған. Бүгінде оның музей-үйі сол заманның тынысын сездіретін жәдігерлерге, сирек кездесетін қолжазбаларға толы. Үйдің ішкі құрылымы сақталып, сол дәуірдің атмосферасы аяқ тіреген табалдырықтан сезіледі. 

  Дінмұхамед Қонаевтың музей-үйі

Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, ұзақ жылдар ел басқарған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың музей-үйі де мәдени астанамыз да орналасқан. Ол кісі бұл үйде өмірінің соңына дейін тұрған десе-ді. Мұражайға айналған пәтерде оның жеке заттары, құнды кітапханасы, түрлі марапаттары мен жеке күнделіктері қойылған. Әр бөлме - ұлы тұлғаның өмірінен сыр шертіп, оның даналығы мен парасатын ұғындырады десек артық болмайды. 

Мұхтар Әуезовтың музей-үйі

Әлемге әйгілі Абай жолы эпопеясының авторы, көрнекті жазушы, ғалым Мұхтар Әуезов те Алматы шаһарында қаламының сиясын тамызған. Жазушының өміріне қатысты ең қастерлі орындардың бірі - оның музей-үйі. Шығармашылық дәуірінің ең жемісті кезеңдері де осы шаңырақта өткен. Мұражайда қазақ әдебиетінің бірегей өкілінің жеке жұмыс бөлмесі, кітап сөрелері, жиһаздары мен жеке қолданбалы заттары сақталған. 


Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше