Ұлыбританияның қала сыртындағы қонақ үйлері: сіз онда өзіңізді ағылшын детективінің кейіпкері сезінесіз
Фото. Пресс-офис Hound Lodge.

Ұлыбританияның қала сыртындағы қонақ үйлері: сіз онда өзіңізді ағылшын детективінің кейіпкері сезінесіз


Көзіңізді жұмып, елестетіңіз: жұмсақ кереуетте отырсыз, қолыңызда – бір вокал сапалы ескі виски, ал терезенің ар жағында – тауларды тұмшалаған таңғы тұман. Алыстан шіркеу қоңырауларының үні естіледі, ал фойеде кешегі салтанатты кешті талқылап жатқан бәсең дауыстар. Айналадағы атмосфера – тура Агата Кристидің романынан алынғандай. Бірақ мұнда сізге ешқандай қылмысты ашудың қажеті жоқ – тек тынығып, жайлы демалыстан ләззат алу керек. Егер бұл суреттеме сізге ұнаса, онда Ұлыбританияның қала сыртындағы қонақ үйлері дәл сіз үшін. Бөлмеңізне қазірден тапсырыс беріңіз.

Gleneagles

Ұлыбританияның қала сыртындағы қонақ үйлері: сіз онда өзіңізді ағылшын детективінің кейіпкері сезінесіз
Фото. Пресс-офис отеля.

2024 жылы бұл қонақ үй өзінің жүз жылдығын атап өтті. Мұнда нағыз британ рухы сезіледі: сәнді интерьерлер әйгілі драмалардың кадрларына ұқсайды, ал таңғы асқа омлет, балғын тоқаштар мен шырынды жемістер ұсынылады. Сонымен қатар, Gleneagles-та нағыз ағылшындық демалыс түрлерін де меңгеруге болады. Мысалы, 40 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан нұсқаушыдан ату сабағын алсаңыз болады. Әлемдік деңгейдегі мейрамханалар мен мінсіз сервис сізге бұл жерден кеткіңіз келмейтіндей әсер қалдырады.

Hound Lodge

Ұлыбританияның қала сыртындағы қонақ үйлері: сіз онда өзіңізді ағылшын детективінің кейіпкері сезінесіз
Фото. Пресс-офис отеля.

Бұл 10 бөлмелі үй бұрын Гудвуд мүлкінде иттерге арналған элиталық резиденция болған! Иттер үшін мұнда ерекше жағдай жасалып, тіпті негізгі ғимараттан бұрын жылыту жүйесі тартылған. Көне антикварлық интерьерлерді, әр бөлмедегі мини-графиндердегі вискиді және жеке аспаздың маусымдық органикалық мәзірін бағалайтындар үшін бүгінде бұл жер тамаша ретрит-орын. Мұнда әйгілі автокөлік фестивалі кезінде немесе 60-жылдар стилінде өтетін Goodwood Revival іс-шарасына қатысу үшін келген жөн. Айта кетейік, егер сіздің итіңіз болса, оны өзіңізбен бірге ертіп әкелуге болады – оған арнайы жайлы жағдайлар мен тәтті тағамдар ұсынылады.

Langdale Chase

Ұлыбританияның қала сыртындағы қонақ үйлері: сіз онда өзіңізді ағылшын детективінің кейіпкері сезінесіз
Фото. Пресс-офис отеля.

Ұйқыдан оянып, терезеден Уиндермир көлінің мінсіз тыныш қалпын тамашалағыңыз келе ме? Онда дәл осы романтикалық орынды таңдаңыз. Жақында өткен ауқымды қайта жөндеу жұмыстарынан кейін бұл викториандық сарай өзінің асқақ әсем сәнін сақтап қана қоймай, одан сайын жайлы бола түсті. Жергілікті бас аспаз Майкл Коулз заманауи британ асханасының керемет мәзірін ұсынады, ал бөлмелерде сізді үйден шыққандай жылы қарсы алатын печенье мен алтын ұнтағымен көмкерілген мадленкалар күтеді.

The Grange

Ұлыбританияның қала сыртындағы қонақ үйлері: сіз онда өзіңізді ағылшын детективінің кейіпкері сезінесіз
Фото. Пресс-офис отеля.

Өзін тарихи романның кейіпкері сезінгісі келетіндер үшін бұл таптырмас орын. 1660 жылдары салынған бұл мүлік 3500 акр төбелер мен шалғындардан қоршалған. Мұнда кезінде Георг VI патша мен Джейн Остин қонақ болған десе-ді. Жазда атақты опера фестивалін тамашалау үшін классикалық музыканы сүйетіндер осында жиналады. Сізді салтанатты коттедждер, спектакльдерден кейінгі актерлермен кездесулер, жүзімдіктерге экскурсиялар және кейбір үйлерде орналасқан жеке бассейндер күтеді.

The Fife Arms

Ұлыбританияның қала сыртындағы қонақ үйлері: сіз онда өзіңізді ағылшын детективінің кейіпкері сезінесіз
Фото. Пресс-офис отеля.

Бұрынғы викториандық қонақ үй, кезінде патша отбасының сүйікті орны болған бұл ғимарат бүгінде нағыз демалыс мекеніне айналған. Мұнда сіз 500 жылдық Питер Брейгель-кішінің суретінен көз алмай таңғы ас ішесіз, Пабло Пикассоның туындысына қарап отырып кітап оқисыз, королева Викторияның акварельдік жұмыстарына тамсана көз жүгіртесіз. Атмосфераны толық сезіну үшін жабайы ормандарды аралаңыз, Elsa’s барында фуксия түсті коктейльдерден дәм татыңыз (бар атауы атақты Schiaparelli сән үйінен шабыттанған) немесе Bertie’s барындағы 528 түрлі вискидің бірін таңдаңыз.


Автор. Жанель Муканова. Аударған. Қорлан Тұрсынбекова.  

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше