Бүгінде үйлену той жай ғана рәсім емес – ол жұптың мінезі, өмірлік ұстаным мен құндылықтарының айнасы іспеттес. Биыл салтанатты шара одан да ерекшелене түспек: заманауи технологиялар, эко-саналылық пен интерактивті ойын-сауық үйлесім табады. Дәстүрлі ақ түсті қалыңдық көйлегінің орнына түрлі-түсті киімдер трендке шығады, қарапайым банкет орнын гастрономиялық перформанстар басады, ал классикалық фотолардың орнын деректі кадрлар алмастырады. Басты назар – еркін, өзін-өзі көрсетуге, жарқын эмоцияларға және ұмытылмас әсерлерге бағытталған. 2025 жылдың трендтері - той индустриясында шекара жоғын дәлелдейді.
Көп күндік тойлар
Бүгінде бір күндік той жеткіліксіз. Мереке толыққанды ауқымды фестивальға айналады. Алдымен салтанат алдындағы кештерден басталады: қарсы алу, ең жақындарға арналған кешкі ас, йога немесе паддл-теннис ойыны сияқты ойын-сауықтар. Негізгі шара би кештерімен, перформанстармен және қонақтарға арналған тосын сыйлармен жалғасады. Тойдан кейін бассейн жанындағы бранчтар немесе жергілікті мейрамханаларға гастротурлар ұйымдастырылады. Тіпті қалыңдық пен күйеу жігіттің бойдақтық кештері де бір күн ғана емес, бірнеше күндік демалысқа айналады.
Традиция емес – аутенттілік
Қазір жұптар бұрыңғы форматтағы сценарийді ұстанбайды. Олар әртүрлі мәдениеттердің элементтерін біріктіреді, өздеріне маңызды жеке рәсімдер қосады, күн тәртібін еркін өзгерте алады. Мысалы, дәстүрлі алтарьға шығу орнына достар арасында серттесу немесе өздеріне маңызды символикалық рәсімдер өткізіледі. Дәстүрлі би орнына флешмобтар мен қонақтардың өнер көрсетулері ұсынылады. Ал кешкі ас пикник түрінде немесе жұлдызды аспан астында шарап дегустациясы форматында өтеді.
Түрлі түстерге басымдық беру!
Классикалық ақ түсті гамма енді негізгі тренд емес. Қалыңдықтар жиі пастельді немесе қанық түсті көйлектерді таңдайды: нәзік көктен бастап терең бордо түске дейін. Декор нағыз өнер туындысына айналады – түрлі-түсті шамдар, ерекше текстуралар, эклектикалық гүл композициялары тірі және көпқабатты кеңістік жасайды. Тіпті дастарқандар да стандартты ақ емес, градиентті түсті маталармен көмкеріледі.
Интерактивті аспаздық шоу
Енді тамақ тек банкеттің бір бөлігі емес – ол тұтас шоуға айналады. Қонақтар пицца мен суши жасаудан бастап авторлық коктейльдер дегустациясына дейінгі ерекше гастрономиялық тәжірибелерге қатысады. Үстел үст тірі өсімдіктер, жемістер немесе дәм татуға болатын шоколад элементтері пайда болады. Сондай-ақ балмұздақ, вафли немесе карамельді алмалар ұсынылатын көшпелі десерт станциялары танымал. Ал коктейль-барларда қонақтардың талғамына сай арнайы сусындар әзірленеді.
Эко-френдли тойлар
Экологиялық сана биыл бірінші орында. Винтажды көйлектер мен отбасылық әшекейлер сұранысқа ие. Декор қайта өңделетін материалдардан жасалады: қағаз гүлдер, ағаш элементтер, қайта пайдалануға болатын маталар. Бір реттік ыдыстардың орнына – керамикалық тәрелкелер мен бокалдар қолданылады. Қонақтарға арналған сыйлықтар ретінде бал, шамдар немесе отырғызуға болатын ағаштар беріледі.
Фейерверк орнына дрондар шоуы
Дәстүрлі от шашулардың орнына экологиялық қауіпсіз дрондар шоулары келеді. Бұл ауа мен қоршаған ортаны ластамайтын, дыбыссыз балама. Дрондар аспанда күрделі фигуралар жасап, жұптың танысуынан бастап үйлену сәтіне дейінгі тарихын бейнелейді. Бұл көрініс музыкалық сүйемелдеумен немесе басқа да шоу элементтерімен үйлесуі мүмкін.
Мінсіз еместіктің тартымдылығы
Енді ауа райы немесе техникалық ақаулар тойдың сәнін бұзбайды. Керісінше, 2025 жылы мұндай “кемшіліктер” тойдың ерекшелігіне айналады. Мысалы, жаңбыр кадрларды романтикалық ертегіге айналдырады, ал музыка тоқтап қалса, қонақтар бірге ән шырқайды. Тіпті көйлек бүлінсе де, ол есте қаларлық шынайы сәттің бөлігі болады. Мұндай жағдайлар әлеуметтік желілерде де тез таралатын ерекше контентке айналады. Ең бастысы – шынайы эмоциялар.
Harper's BAZAAR Australia ұсынған мақаланың түпнұсқасын мына сілтеме арқылы оқи аласыз.
Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан.