Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева қос ұлымен шығармашалық тандем орнатты. Нақтырақ айтсақ, Роза Қуанышқызы, Әли Оқапов және Мәди Рымбаевпен бірге «Esimde» атты ортақ трек ұсынды. Күні кеше YouTube платформасында жаңа бейнебаян да жарық көрді.
Тректің әнін - Әли Оқаповтың өзі жазса, сөзінің авторы - Әли Сражадин. Қазақстанның әдемі табиғи локацияларында таспаланған бейнебаянның режиссері – Эрнест Зиядинов. Клиптің сюжет желісі бойынша кішкентай бас кейіпкер балалық шағын еске түсіру үшін өзінің туған жеріне аттанады. Өнерлі әулет туынды арқылы тыңдарманның өткеніне саяхат жасап отыр.