Netflix ұсынған сұраныстағы корей елінің драмалары
Фото. Netflix.

Netflix ұсынған сұраныстағы корей елінің драмалары

08 декабря 2025

Netflix көрерменге бір көргеннен баурап алатын, соңына дейін қызықтыратын, әлемдік сыншылардың жоғары бағасын алған сериалдар ұсынып келеді. Harper’s BAZAAR Kazakhstan назарларыңызға үздік те әсерлі корей драмаларын ұсынады.

«Құбыжықтың парадоксы»

Корейские драматические сериалы, от которых невозможно оторваться
Фото. Netflix.

Ли Тхан — қарапайым жігіт: оқу, түнгі ауысымдағы жұмыс, болашағы бұлыңғыр. Қараңғы көшедегі бір сәттік кездесу оның өмірін тозаққа айналдырады: ашу үстінде ол бір адамды өлтіріп қояды. Алайда көп ұзамай оның құрбаны полиция ұзақ іздеген қанішер екені белгілі болады. Кейіпкер жазадан құтылғанымен, детектив Чан Нам-Ганның қырағы көзі өткеннен қашып құтылуға мүмкіндік бермейді.

«Патшаны тұтқындау»

Корейские драматические сериалы, от которых невозможно оторваться
Фото. Netflix.

Принц Ли Ин го тақтасының үстінде жарқыраған жұмбақ қызды кездестірген сәтте-ақ оған ғашық болады. Жылдар өте ол ханға айналады, ал әлгі қыз — кек алу жоспары бар тыңшыға. Билік, сатқындық пен саяси ойындар олардың сезімін сынаққа салады: бір ғана қателік екеуінің де тағдырын өзгертеді.

«Сегізінші шоу»

Корейские драматические сериалы, от которых невозможно оторваться
Фото. Netflix.

Сегіз қатысушы минут сайын ақша жиналатын реалити жобаға қатысуға келіседі. Тұру мен тамақ тегін, бірақ жайлы өмірдің кез келген элементі — артық бағада, және бәрі олардың жүлде қоры есебінен алынады. Уақыт өте келе олардың жағдайы тең емес екені анық білінеді: әркімнің коэффициенті әртүрлі, бөлмелері бөлек, ал шиеленіс барған сайын күшейіп, шоу төзімділік пен адам әлсіздігін сынайтын қатыгез ойынға айналады.

«Мойындаудың құны»

Корейские драматические сериалы, от которых невозможно оторваться
Фото. Netflix.

Бір камера, екі тағдыр және бас тартуға болмайтын мәміле. Әйел күйеуін өлтірді деп айыпталып, түрмеге түседі. Онда оған тосын ұсыныс жасалады: басқа бір тұтқын оның орнына кінәні мойнына алуға дайын. Бірақ бұл «қызметтің» құны алғашқы ойлағаннан әлдеқайда жоғары болып шығады.

«Ханшайымның көз жасы»

Корейские драматические сериалы, от которых невозможно оторваться
Фото. Netflix.

Жұбайлар ауыр дағдарысты бастан кешіруде: ол — ірі конгломераттың заң директоры, ал әйел — бизнес мұрагері. Қарым-қатынастары күйреп бара жатқандай көрінгенімен, салқын сөйлесулер мен өзара наразылықтардың ар жағында әлі де өшпеген сезімдер бар. Бірақ оларды қайта тірілту оңай емес.

«Паразит: Сұр»

Корейские драматические сериалы, от которых невозможно оторваться
Фото. Netflix.

Адамзат миын басқара алатын әрі денені толық иемденетін паразиттер пайда болғанда, әлем бұрын-соңды болмаған қатермен бетпе-бет келеді. Олар адамдарды тек аңшылыққа арналған қабық ретінде пайдаланады. Бірақ бір паразитте ақау болады: ол өзінің иесін толық басқара алмай қалады. Екеуі бір тәнде бірге өмір сүруге мәжбүр, ал паразит тек өлім қаупі төнген кезде ғана көрініс береді. Жан иесі жаңа шындықпен күресіп жүрсе, паразиттер өз арасында ұйымдасқан топқа айналып үлгереді. Осы тұста корей полициясы әлемде алғаш болып бұрын болмаған қауіпке қарсы арнайы бөлім құрады.

«Карма»

Корейские драматические сериалы, от которых невозможно оторваться
Фото. Netflix.

Бір ғана тәуекел — қайтымсыз оқиғалар тізбегін бастайды. Қарызға белшесінен батқан әрі бір айдан соң коллекторлар оны «мүшелеп сатуға» дайын екенін білген ер адам жан түршігерлік шешім қабылдайды: үлкен сақтандыру төлеміне қол жеткізу үшін Янбяньнан қылмыскер жалдап, өз әкесін өлтіруге тапсырыс береді. Бірақ бұл қылмыс трагедиялар тізбегіндегі алғашқы «домино» ғана, оның артына жаңа адамдар бірінен соң бірі тартылып жатады.

«Тетік»

Корейские драматические сериалы, от которых невозможно оторваться
Фото. Netflix.

Қатаң қару-жарақ заңдары бар елде кенеттен жаппай атыстар жиілей бастайды. Бұрынғы әскери, қазір қарапайым патруль қызметкері Ли До істі тергеуге кіріседі. Ол көп ұзамай қорқынышты заңдылықты байқайды: қару өздігінен адамдарға жол тауып, күйзелістің шегіне жеткендерді таба сияқты.

«Қақпақыл»

Корейские драматические сериалы, от которых невозможно оторваться
Фото. Netflix.

Премьер-министр сыбайласқан президентке қарсы шығуға бел буады. Президент ықпалды бизнес-кланмен жасырын келісім жасаған. Алайда премьердің жолында оның өз орынбасары — ақылды, қатал әрі қандай да болсын шегінбейтін әйел тұр. Билік үшін күрес, саяси интригалар және амбиция қақтығысы үкімет дәлізін мансап, бедел және өмір үшін шайқас алаңына айналдырады.


Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше