Желтоқсан айында жарық көретін отандық фильмдер: Руға бөліну, Теріс бата және тағы басқа премьералар
Фото. Tartaria Films

Желтоқсан айында жарық көретін отандық фильмдер: Руға бөліну, Теріс бата және тағы басқа премьералар

Гүлдана Мұқан
01 декабря 2025

2025 жыл қазақ киноиндустриясының прайм-эрасы атанды! Дәл осы жылы сапалы әрі жоғары бағаланған фильмдер жарық көріп, түрлі жанрлар көрерменге ұсынылды. Жыл соңы да нарық үшін сәтті аяқталмақ. 365 күнді қорытындылайтын туындылар тізімінде – атышулы «Дәстүр» фильмінің екінші бөлімі бар. Harper’s BAZAAR Kazakhstan редакциясы назарларыңызға желтоқсан айында жарық көретін картиналардың тізімін ұсынады.

«План Ш» - 4 желтоқсан

Еркін және оның достары курортқа «мальчишникке» бару үшін әйелдеріне түрлі өтіріктер айтады. Бір қызды «өлді» деп ойлағаннан кейін жағдай мүлде шиеленісіп кетеді: олар шантажға түсіп, тіпті сейф тонауға дейін барады. Шындық пен хаос араласқан комедиялық оқиғалар көрерменді күлкіге қарық қылмақ. Комедия жанрында таспаланған туындыда әйгілі «Бауыржан шоу», «Шаншар» театрларының өнер майталмандары бой көрсеткен.

«Руың кім?» — 11 желтоқсан

Көрермен асыға күткен картиналардың бірі. Фильм қазақ шежіресі мен рушылдық тақырыбын жеңіл формада көтереді. Басты кейіпкерлердің бір ғана қателігі олардың өмірін түбегейлі өзгертеді. Күлкі мен шытырман оқиғаларға толы фильм 11 желтоқсаннан бастап кинотеатрларда.

«Дәстүр: Теріс бата» - 25 желтоқсан

Араға 2 жыл үзіліс салып «Дәстүр» фильмінің жалғасы таспаланды. Қоғамда үлкен резонанс тудырған картинаның екінші бөлімі «Дәстүр: Теріс бата» атауына ие болған. Режиссер Қуаныш Бейсек бұл жолы продюсер қызменінде, ал киноны таспалау тізігін Алишер Утев өз қолына алған. Басты рөлде: Алдияр Жапарханов, Фариза Ескермес.

Трагедия мен мәдени тақырыптарды арқау еткен бұл бөлім көрерменді терең ойға жетелейді деп күтіледі. Жылдың соңғы ірі премьерасы — 25 желтоқсанда.

Желтоқсан — отандық прокат үшін өте қарқынды ай. Комедия да, драма да, әлеуметтік бағыттағы фильм де бар. Жыл соңында көңіл көтергіңіз келсе немесе заманауи қазақ киносының бағытын бақылағыңыз келсе, айтулы премьераларды жіберіп алмаңыз.


Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше