2026 жылдың көптен күткен кинопремьералары
Фото. Legendary Pictures.

2026 жылдың көптен күткен кинопремьералары

24 ноября 2025

Киноиндустрия алдағы жылға қарқынды дайындалуда: ірі студиялар культтік франшизалардың жалғасын таспалап, масштабты биографиялық жобаларды және әлемдік жұлдыздар қатысатын премьераларды ұсынбақ. Harper’s BAZAAR Kazakhstan назарларыңызға 2026 жылдың көптен күткен кинопремьераларын жария етті.

«Мумия»

Тұсаукесер: 17 сәуір

Самые ожидаемые фильмы 2026 года
Фото. Getty Images. Автор. Getty Images.

Жобалардың ішінде ең көп талқылауға ие болғаны — «Мумия» франшизасының қайта жандануы. Blumhouse және New Line жаңа бөлімді қолға алды, бұл өз кезегінде жанкүйерлер арасында үлкен қызығушылық тудырды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, басты рөлдерге Брэндон Фрейзер мен Рэйчел Вайс қайта оралады. Фильмді Radio Silence атымен танымал режиссерлер дуэті — Мэтт Беттинелли-Олпин мен Тайлер Джиллетт түсіреді. Айта кетсек, жаңа жоба 2008 жылғы үшінші фильм оқиғаларын елемей, түпнұсқа тарихтың тікелей жалғасы болмақ.

«Майкл»

Тұсаукесер: 24 сәуір

Антуан Фукуа түсірген Майкл Джексон өміріне арналған биографиялық драма жыл премьераларының қатарында. Поп-патшаның рөлін оның жиені — Джаафар Джексон сомдайды. Фильм Jackson 5 кезеңіндегі ерте жылдарынан бастап, әлемдік даңққа дейінгі жолын қамтиды.

«Дьявол носит Prada 2»

Тұсаукесер: 1 мамыр

20th Century Fox әйгілі комедиялық драманың жалғасын ресми түрде растады және тіпті алғашқы тизерін шығарды. Жобаға Мэрил Стрип, Энн Хэтэуэй, Эмили Блант және Стэнли Туччи қайта оралады. Режиссерлік тізгінде — Дэвид Франкель.

Жаңа бөлімнің сюжеті зейнет жасына жақындаған Миранда Пристли мен қазір басшылық қызмет атқаратын Эмили арасындағы жаңа текетіреске негізделген. Фильм баспа индустриясының болашағы мен жарнамалық бюджет үшін күрес аясында өрбиді.

«Мандалорец және Грогу»

Тұсаукесер: 22 мамыр

Lucasfilm «Мандалорец» сериалының толықметражды жалғасын ұсынады. Оқиға Галактикалық Империяның күйреуінен және «Жұлдызды соғыстар: Эпизод 6 — Джедайдың оралуы» оқиғаларынан бірнеше жыл өткен соң өрбиді. Педро Паскаль Дин Джарин рөліне қайта оралады.

«Untitled Steven Spielberg UFO Project»

Тұсаукесер: 12 маусым

Самые ожидаемые фильмы 2026 года
Фото. Shutterstock.com. Автор. Fred Duval.

Стивен Спилбергтің жаңа ғылыми-фантастикалық жобасы сюжет жайлы мәліметтер жоқ болса да, үлкен қызығушылық тудырып отыр. Кем дегенде, актерлік құрам әсерлі: Эмили Блант, Джош О’Коннор, Колин Ферт, Колман Доминго және Уайатт Рассел. Сценарийді Спилбергтің түпнұсқа идеясы бойынша Давид Кепп жазған.

«Супергерл»

Тұсаукесер: 26 маусым

Джеймс Ганн жаңартылған DC әлемін дамытуды жалғастырып, «Суперменнен» (2025) кейін Супергерлге арналған жеке фильмді таныстырады. Туындының сюжеті Том Кинг пен Билквис Эвлидің Supergirl: Woman of Tomorrow мини-сериясына негізделген. Милли Олкок Кара Зор-Эл рөлін қайта сомдап, 21 жасқа толған күнінде галактикааралық сапарға аттанады. Жолда ол жас қызбен кездесіп, оның мұңлы тарихы Супергерлді қауіпті кек жолына қарай жетелейді.

«Одиссея»

Тұсаукесер: 17 шілде

Самые ожидаемые фильмы 2026 года
Фото. Getty Images. Автор. Presley Ann.

Кристофер Нолан Гомердің көне грек эпосы «Одиссеяның» эпикалық экранизациясын ұсынады. Жоба актерлік құрамымен ерекше әсер қалдырады: Мэтт Дэймон, Том Холланд, Энн Хэтэуэй, Зендая, Лупита Нионго, Роберт Паттинсон, Шарлиз Терон, Джон Бернтал, Эллиот Пейдж, Мия Гот және басқалар.

Фильм 70 мм IMAX камераларымен толық түсіріліп, Троя соғысынан кейін үйіне жол тартқан Одиссейдің он жылдық сапарын барынша ауқымды түрде көрсетпек. Нолан реалистік визуалды стильді эпикалық баяндаумен біріктіруді көздеп отыр — бұл жобаны жыл премьераларының көшбасшыларының біріне айналдырады.

«Өрмекші-адам: Жаңа күн»

Тұсаукесер: 31 шілде

Жаңа бөлікте Том Холланд пен Зендая Питер Паркер мен Мэри Джейн рөлдеріне қайта оралады. Фильм алдыңғы оқиғалардан кейінгі кезеңге жалғасып, тұлғасын құпия сақтау үшін жақын адамдарынан бас тартқан Питердің жалғыздығын көрсетеді.

«Дюна: Үшінші бөлім»

Тұсаукесер: 18 желтоқсан

Дени Вильнев Фрэнк Герберттің «Дюна» сагасын үшінші фильммен аяқтайды. Бұл бөлім «Дюна мессиасы» романына негізделген. Оқиғалар Пол Атрейдес Император атанғаннан кейін 12 жыл өткен уақытта өрбиді. Пол саяси интригалар, бүліктер қаупі және жеке мәселелер — мұрагерлік пен Ирулан ханшайым және Чанимен қарым-қатынас — секілді сынақтармен бетпе-бет келеді.

«Кек алушылар: Қиямет күні»

Тұсаукесер: 18 желтоқсан

2019 жылғы финалдан кейінгі алғашқы «Кек алушылар» толықметражды фильмі Marvel студиясының ең ауқымды жобаларының бірі болады. Актерлік құрам рекордтық деңгейде: Крис Хемсворт, Ванесса Кирби, Энтони Маки, Себастиан Стэн, Летишиа Райт, Пол Радд, Уайатт Рассел, Симу Лю, Флоренс Пью, Келси Грэммер, Педро Паскаль және басқалар. Бірақ басты интрига — фильмнің антагонисі Доктор Дум, оны Роберт Дауни — кіші сомдайды.


Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше