Қыс басталған алғашқы күндер көптеген жұлдыз белгілеріне тыныштық кезеңі әзірге кейінге шегерілгенін айқын көрсетті. Осы аптаға арналған жұлдыз-жорамал да мұны растайды: жұмыс міндеттері мен қоғамдық жауапкершіліктер әлі де толық зейін мен күш жұмсауды талап етеді. Нәтижеге ұмтылғандар үшін қарқынды бәсеңдетпеу және мақсатқа қарай үздіксіз жылжу маңызды.
Тоқты
Тоқтылар қайтадан қарқынды жұмыс ырғағына енеді. Қазір нақты кесте жасап, әріптестермен және серіктестермен өзара әрекеттесуді жолға қоюдың тиімді уақыты. Осылайша жаңа жылдың басына қарай алғашқы нәтижелерді көре аласыз. Сондай-ақ үй шаруалары да көбейіп, қатысуыңызды талап етеді. Ресурстарыңызды дұрыс бөліңіз — шамадан тыс күш салу әлсіреуге әкелуі мүмкін.
Торпақ
Торпақтар іс-әрекеттердегі ретсіздіктен шаршауы мүмкін: сіз алдын ала жоспарланған жүйеде жұмыс істегенді жақсы көресіз. Осы себепті эмоция бақылаудан шықса, ашушаңдық немесе өткір реакциялар байқалуы ықтимал. Жұлдыздар демалысты көбейтуді, йогамен айналысып, ойды тынықтыруды және ішкі теңгерімді қалпына келтіруді ұсынады.
Егіздер
Егіздер жұмысына толық беріледі — бұл дұрыс шешім. Қазір жіберіп алған мүмкіндіктердің орнын толтыруға қолайлы уақыт. Алайда эмоциялық фон тұрақсыз болуы мүмкін: өзіңізді электр кернеуі астында тұрғандай сезінуіңіз ықтимал. Реакцияңызды бақылаңыз, әйтпесе жұмыс пен жеке қатынастарда қиындықтар туындауы мүмкін.
Шаян
Апталық жорамал Шаяндарға алдағы күндері артық қарым-қатынасты азайтуға кеңес береді — қажетсіз жанжалдардан қашу үшін. Бірақ бейсенбіге қарай жағдай тұрақтанып, диалог орнату жеңілдейді. Сондай-ақ жұлдыздар сізге шынайы қуаныш пен шабыт әкелетін істерге назар аударуды ұсынады.
Арыстан
Арыстандар соңғы сәтке дейін кейінге қалдырған ұсақ міндеттерге көңіл бөлуі керек. Ұмытылған кішкентай деталь тіпті нәтижеге әсер етіп, сізді артқа тартуы мүмкін. Бұрын әдейі назар аудармаған мәселелерге қайта оралыңыз — дәл қазір оларды шешудің сәті келді.
Бикеш
Бикештер тағдырдың өздеріне мейірімді екенін сезінетін мүмкіндік алады. Бірақ ол үшін күмәнді шетке ысырып, әлем жіберіп жатқан белгілерге назар аудару қажет. Ішкі түйсігіңізге құлақ асу арқылы көптен бері армандап жүрген жеке бақытыңызға жақындай аласыз.
Таразы
Таразылар алдағы күндері әдеттегі істерге назар аударғаны дұрыс — бұл ішкі үйлесімділікті сақтауға көмектеседі. Ауқымды жобаларды уақытша кейінге қалдырған жөн: оларды жүзеге асыруға қажетті ресурстар әзірге жеткіліксіз болуы мүмкін. Сондай-ақ интригалар мен өсек-аяңнан аулақ болыңыз — мұндай жағдайлар елеулі мәселелерге әкелуі мүмкін.
Сарышаян
Сарышаяндарға импульсивті шешімдер қабылдауға қатаң тыйым салынады. Әр әрекет мұқият ойластырылған болуы тиіс, әйтпесе күрделі жағдайға тап болу қаупі бар. Бұл жұмысқа да, жеке өмірге де қатысты. Салмақты әрі стратегиялық қадамдар — сіздің басты серігіңіз.
Мерген
Бұл күндері Мергендер үшін басты міндет — ашу жарылыстарын бақылауды үйрену. Өз импульсивтілігіңіздің айналаңыздағы адамдармен қатынасыңызға әсер ететінін өзіңіз де байқайсыз. Эмоцияңызды тежеп, қызғанышқа қатысты реакцияларды реттеңіз — бұл қажетсіз жанжалдардың алдын алады.
Тауешкі
Тауешкілер үшін апта жайлы өтеді. Қиын жағдайларда жақындарыңыз бен әріптестеріңіз қолдау көрсетуге дайын болады. Сәрсенбі — келіссөздер мен мәмілелер жасауға ерекше сәтті күн: сіздің сендіру қабілетіңіз әсер қалдырады, ал серіктестер сіздің шарттарыңызды қабылдауға бейіл болады.
Суқұйғыш
Суқұйғыштар көптеген адамдар үшін тірек болады — сізден кеңес пен эмоциялық қолдау сұрайтындар көп болады. Бірақ демалыс күндеріне қарай міндетті түрде үзіліс жасап, толыққанды демалысқа көңіл бөліңіз — әлеуметтік жүктемеден кейін күшті қалпына келтіру маңызды.
Балықтар
Балықтар да назардың ортасында болады. Кейбір адамдар сіздің ықыласыңызды алуға ерекше тырысады. Есіңізде болсын: шешім әрдайым өз қолыңызда, ешкімді өзіңіз дайын болмағаннан артық жақындатудың қажеті жоқ. Ал жалпы алғанда апта жұмысқа толы болады, арасында жеке қызығушылықтарға уақыт табасыз.
Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан.