Көптен күткен қуаныш! Айжұлдыз Адайбекова ақ көйлекте қалыңдық атанған күн!
Фото. Instagram @aizhuldyz_adaibekova

Көптен күткен қуаныш! Айжұлдыз Адайбекова ақ көйлекте қалыңдық атанған күн!


Актриса, әнші Айжұлдыз Адайбекова мен блогер Сәкен Қағаров күні кеше ресми түрде ерлі-зайыпты атанды. Өнері де, өзі де ерекше Айжұлдыз бұл жолы да үйлену тойға таңдаған образдарымен, қалыңдық гүлімен басқалардан өзгешеленді. Қос ғашық стандартты ақ көйлек пен классикалық костюмнен бас тартып, өз стилдеріндегі look-пен көпшілікті таңғалдырды. 

Еске салсақ, танымал экстремал спортшы актрисаға Исландияның сарқырамасында сөз салып, жүрегі мен жүзігін ұсынған еді. Таяуда ғана сырға салу, құдалық, ұзату сынды рәсімдері өткен жұп бұл маңызды сәтті табиғат аясында, жақындарының ортасында атап өтті. Қонақтар тізімінде Әсел Сағатова, Say Mo, Бейбіт Әлібеков, Жазира Еркін сынды танымал жұлдыздар бар. 


Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше