Канн кинофестивалінің тарихындағы тым ашық және батыл образдар
Фото. Shutterstock. Автор. Featureflash Photo Agency

Канн кинофестивалінің тарихындағы тым ашық және батыл образдар


Ережелер – оларды бұзу үшін қажет. Әсіресе Канн кинофестивалінде. Жұлдыздар дәл осы шарада шекараны жиі бұзады. Биыл ұйымдастырушылар фестиваль басталардан бір күн бұрын күтпеген шешім қабылдап, жаңа дресс-код енгізді: енді «жалаңаш» киімдерге, ұзын шлейфтер мен көлемді көйлектерге тыйым салынды (алайда Хайди Клум бұл ережеге бағынбай, өзінің қалауымен келді). Мұндай шектеулер Met Gala 2025 шарасынан кейін енгізілген болуы мүмкін – ол жерде танымал тұлғалар «no pants» трендін қайта оралтты. Канн қызыл кілемінде енді ашық-шашық образдағы жұлдыздарды көру мүмкін емес. Десе де дәл сол сәтте Канн жағажайларында демалушылар топлес күнге қыздырынуда.

Соған қарамастан, жұлдыздар бұрын жарқырап көрінген, денесін жалаңаштайтын, батыл киімдермен енді қоштасатын сәт келгендей. Ал Канн кинофестивалі талай арулар үшін өз үнін жеткізу алаңына айналған. Кейбір актрисалар мұндай образдарды қарсылық ретінде таңдаса, өзгелері – тек назар аударту үшін. Қалай болғанда да, бұл әрдайым әсерлі шығатын.

1975 жылы Бьянка Джаггер ашық әрі кеудесі көрініп тұратын батыл образ киген еді. 

1991 жылы Мадонна мен Жан-Поль Готье жаңа дәуірді бастады. Жұлдыз әйгілі конус тәрізді лифті тек концерттерде ғана емес, күнделікті де кие бастады.

1994 жылы Памела Андерсон «Мені сәби деп атама» фильміне тым ашық образбен келіп, сол сәтте-ақ секс-символға айналды.

1995 жылы Шэрон Стоун ерекше шлейфі бар комбинезон киіп, ұзын әрі сұлу аяқтарын көпшілік алдында паш етті.

«Бесінші элемент» фильмінің премьерасында Милла Йовович жауынгер бейнесінде бой көрсетті. Бұл көз тартарлық образды оған Джон Гальяно өзі арнайы жасап берген екен.

2011 жылы Ума Турман кинофестивальдің қызыл кілемінде өкшелі аяқ киім ережесіне қарсы шығып, сандал киіп шыққаны есімізде. 

Канн кинофестивалінің тарихындағы тым ашық және батыл образдар
Фото. Shutterstock. Автор. Featureflash Photo Agency

2018 жылы бұл қылықты Кристен Стюарт та қайталады – ол да бұл ережеге өз пікірі мен қарысылығын білдірген болатын.

Канн кинофестивалінің тарихындағы тым ашық және батыл образдар
Фото. Shutterstock. Автор. Featureflash Photo Agency

Белла Хадид Канндағы қызыл кілемді бірнеше рет шулатқан болатын. Бірақ ең әсерлісі – 2016 жылғы Alexandre Vauthier бренді киімі. Сол сәтте қатты жел соғып, ауа-райы кенеттен бұзылса көйлекті ұшырып жіберуі мүмкін еді.

Канн кинофестивалінің тарихындағы тым ашық және батыл образдар
Фото. Shutterstock. Автор. Featureflash Photo Agency

Harper’s BAZAAR ұсынған мақаланың түпнұсқасын сілтеме арқылы оқи аласыз. 


Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан. 

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше