Осы қыста барқыт образдарды қалай стильді етуге болады?
Фото. Spotlight

Осы қыста барқыт образдарды қалай стильді етуге болады?

17 декабря 2025

Жұмсақ әрі тегіс барқыттан тігілген киімдер сән әлеміндегі өз үстемдігін ешқашан жоғалтпайды. Кейде назардан тыс қалып, кейде қайтадан алдыңғы қатарға шығатын велюр образдары жыл сайын белгілі бір циклді қайталайды. Алайда олар нағыз жарқырау сәтіне көбіне қысқы мерекелер қарсаңында жетеді. Әрине, әсерлі жакеттерді, шалбарлар мен топтарды гардеробқа енгізудің жалғыз уақыты — осы кезең ғана емес. Оларды маусым бойы батыл түрде киюге болады. Ал Harper’s BAZAAR Kazakhstan барқыт образдарды дәл қазір қалай стильдеуге болатынын айтып береді.

Тойда да, күнделікті өмірде де

Классикалық пішімдегі велюр шалбарлардың басты артықшылығы — оларды кез келген стильде үйлестіруге болады. Офиске қатаң жейделермен немесе джемперлермен киіңіз, ал мерекелік кештерге — блузкалармен және жібек шарфтармен толықтырыңыз. Мерекелік әсерді азайту үшін барынша лаконикалық заттарды таңдаған жөн.

Нағыз авангард

Барқыт көйлек — мерекені атап өтуге арналған мінсіз аутфит (қандай мереке екені маңызды емес). Оған авангардтық әрі ерекше аксессуарлар қосыңыз. Сонда образ эксперименталды әрі дәстүрден тыс көрінеді. Барлық назар сізге ауатыны сөзсіз.

Сол пальто

Бұғы принті бар пальто бұл жағдайда маусымның ең трендті бұйымына айналады. Неліктен? Өте қарапайым. Біріншіден, барқыттай жұмсақ материал бірден көзге түседі. Екіншіден, анималистік өрнектер суық маусымда ең сұранысқа ие. Осылайша бір оқпен екі қоянды атуға болады. Әрине, бұл тек метафора.

Жайлы демалыс күндері

Мұндай «лук» көбіне кешкі іс-шараларға немесе уақытыңыздың көп бөлігін көлікте не кеңседе өткізетін күндерге лайық. Велюр аяқ киім образға жылулық пен еркіндік қосады. Айтпақшы, үлпілдек тон да дәл сондай әсер береді.

Барқыт маусымы

Барқыт костюмдерді (әсіресе жакеттерді) көргенде, ойымыз еріксіз Том Фордтың Gucci-дегі дәуіріне кетеді. Дәл осы дизайнер оларды сексуалдылық пен сезімталдықтың символына айналдырған. Алайда бүгінде мұндай комплектілерді блузкалардың көмегімен неғұрлым ұстамды форматтағы шараларға да бейімдеуге болады.

Бетти балақай

Барқыт образдарды стильдеудің тағы бір керемет тәсілін білеміз — ретро стиль. Қысқа шорты мен көлемді кардиганды колготкимен, алтын түстес босоножкалармен және шағын сөмкемен үйлестіріп көріңіз. Шабыт алу үшін — аңызға айналған Бетти Буп бейнесі.

Harper’s BAZAAR ұсынған мақаланың түпнұсқасын сілтеме арқылы оқи аласыз.


Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан. Фото: Брендтердің баспасөз қызметі.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше