Сарапшылар әлдеқашан сымбаттылық үшін тек спорт жеткіліксіз екенін айтып келеді. Шираған әрі сау дене — кешенді көзқарастың нәтижесі екенін ұмытпаңыз. Бірақ Harper's BAZAAR France хабарлағандай, ішті тегістеуге арналған жаттығулар да артық болмайды. Harper’s BAZAAR Kazakhstan бұл жөнінде білгіңіз келгеннің бәрімен бөліседі.
Тамақтану
Барлығының негізі — әрине, тамақтану. Нутрициологтар нәтижені көру үшін рационнан алкогольді алып тастауды ұсынады. Сондай-ақ кешкісін артық жемеген дұрыс; іштің кебуіне әсер ететін күріш пен тұтас дәнді макаронға әсіресе абай болыңыз. Жаңа көкөністерді жиірек бұқтырылғанымен алмастырыңыз, әрі «дұрыс» майларды — лосось, авокадо, тұқымдарды — ұмытпаңыз.
Спорт
Сарапшылар неғұрлым көп қозғалсаңыз — соғұрлым жақсы дейді. Бұл құпия емес. Олар назарды кардио жүктемелерге аударуды ұсынады. Бұл жылдам жүріс, жүгіру немесе велосипедпен серуендеу болуы мүмкін. Үйде жасалатын шеңберлік жаттығу да тамаша балама. Ең бастысы — тер шығатындай қарқынмен қимылдау. Сондай-ақ бұл қатарға билеуді (бұралу қозғалыстары арқылы дене өзегінің бұлшықеттері нығаяды) және боксты қосуға болады.
Егер сіз аптасына кемінде екі рет жаттықсаңыз, үш айдан кейін-ақ алғашқы нәтижелерді көресіз, өйткені ішті тегістеуге арналған жаттығулар жүйеліліксіз әсер етпейді. Май жағуға бағытталған жаттығуларға қоса бұлшық еттерді нығайтатын әрі дене қалпына оң әсер ететін пилатесті де қосқаныңыз жөн.
Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан.