Біз замша лоферлер ең суық күндер үшін ең жақсы таңдау болмауы мүмкін екенін бірнеше рет атап өттік. Алайда сіз уақыттың басым бөлігін жылы жерде өткізсеңіз немесе көбіне көлікпен жүрсеңіз, ыңғайлы аяқ киім сізге міндетті түрде қажет. Жұмсақ, барқыт тәрізді материал кез келген образға еркіндік пен текстура қосады, ал классикалық пішін – іскерлік мәнер береді. Айтпақшы, біздің таңдауға JW Anderson-ның мюлиге ұқсайтын ерекше моделі де енді. Мұндай жұп кеңселік киімдермен де өте үйлесімді болуы мүмкін.
2010-жылдардағы корпоративтік өмір туралы сериалдарда – мысалы, «Форс-мажор» немесе «Безумцы» – қызметкерлер әйелдер дерлік әрдайым өкше аяқ киім киген. Бүгінде жаңа дресс-код нормаларына сүйене отырып, көптеген іскер әйелдер туфлиді балетка немесе замша лоферлерге айырбастауда. Соңғылары сізді Harper’s BAZAAR Kazakhstan материалында күтіп тұр.
Gucci
G.H. Bass
Emme Parsons
Veronica Beard
JW Anderson
Larroudé
The Row
Bruno Magli
Tod’s
Harper’s BAZAAR UK түпнұсқа мақаласын осы жерден оқи аласыз.
Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан. Фото. Брендтердің баспасөз қызметі.