Көпшілік көйлек — салтанатты шараларға арналған басты киім деп ойлайды. Алайда іс жүзінде ешкім салтанатты гардеробқа қатаң дресс-код орнатқан емес, сондықтан оған комбинациялар да, шалбарлар да, мерекелік белдемшелер де енуі мүмкін. Соңғыларын Harper’s BAZAAR Kazakhstan арнайы іріктеп жинады.
Қызығы, дизайнерлер мен сән инфлюенсерлері соңғы бірнеше жылда күнделікті және ресми стиль арасындағы шекараны бұлдырлатып жіберді. Енді it-girls күндіз-ақ спорттық аяқкиім мен футболкаға түрлі пайетка, қауырсын және жылтыр элементтерді үйлестіре киеді. Онда мерекелік белдемшелерді қарапайымдардан қалай айырамыз? Шын мәнінде — ешқалай. Бірақ дәл мерекелік үлгілермен сіз кештерге, корпоративтерге немесе кездесулерге арналған салтанатты аутфиттерді тезірек құра аласыз. Ең бастысы — жүректе әрдайым тойға дайын болу.
Dries Van Noten
Elisabetta Franchi
Erdem
Giuseppe Di Morabito
Philosophy Di Lorenzo Serafini
Rabanne
ROTATE BIRGER CHRISTENSEN
SHUSHU/TONG
Simkhai
Valentino
Zimmermann
Автор. Мария Бурлака. Аударған. Мұқан Гүлдана. Фото. Брендтердің баспасөз қызметі.