Димаш Құдайберген әйгілі әнші Лара Фабианның концертінде хедлайнер атанды
Фото. Instagram @kudaibergenov.dimash

Димаш Құдайберген әйгілі әнші Лара Фабианның концертінде хедлайнер атанды


Сүйінші! Димаш Құдайберген әйгілі әнші Лара Фабианның жеке концертіне арнайы шақырту алды. Өзінің талантымен жаһанды жаулаған музыкант бельгиялық әртістің «Voices» туры аясындағы кешінде өнер көрсетеді. Димаштың мега шарада хедлайнер атанғаны жайлы OVO Arena Wembley-дің Instagram парақшасында жарияланды. «Екі феномальды әртіс», - деп жазылған парақша хабарламасында.

Димаш dears үшін тағы бір жаңалық әзірлеп қойды. Өнерпаз жуырда жарық көретін «Тау ішінде» бейнебаянына анонс жасап, тыңдарман арасында челлендж бастады. Шарт 15-мамыр күні жарық көретін туындыға қызықты видео таспалау. Ал жеңімпазға: «Жүлде - жеңімпазға өз қалауынша менің жеке концертіме жолдама сыйға тартылады (Барселона, Берлин, Лондон, Рига). Ұшақ билеті мен қонақ үй құны ұтыс ішіне кіреді», - деп қуантты Димаш.


Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше