Димаш Құдайбергеннің жалғыз қарындасы Раушан Құдайберген ақ келін атанбақ! Өнерлі отбасынан шыққан аруға таяуда ғана сырға салынып, құда түсті. Алғашында бұл жаңалықты Димаштың фан-базасы ғана жариялаған болатын, енді міне Раушанның өзі де әсерлі сәттен видео жүктеп, көпшілікке сүйіктісін көрсетті.
Раушан Құдайберген тұрмысқа шығатын сері - Ермахан Аймахан есімді жігіт. Ол Астана қаласының Музыкалық жас көрермен театрының актері.
Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі. Instagram парақшасында 5 мыңға жуық оқырманы бар әртіс Шымкент қаласының тумасы. Бүгінде жасы – 25-те. Ол ән де айтып, би де билеп, спортпен де айналысады. Жыл сайын қазақша күреске қатысатыны да бар. Сондай-ақ Ермахан, волейбол ойнап, көкпар тартуды да хоббиіне айналдырған.