Димаш Құдайбергеннің қарындасы тұрмысқа шықпақ! Күйеужігіт кім?
Фото. Instagram @kudaibergenov.dimash

Димаш Құдайбергеннің қарындасы тұрмысқа шықпақ! Күйеу жігіт кім?


Димаш Құдайбергеннің жалғыз қарындасы Раушан Құдайберген ақ келін атанбақ! Өнерлі отбасынан шыққан аруға таяуда ғана сырға салынып, құда түсті. Алғашында бұл жаңалықты Димаштың фан-базасы ғана жариялаған болатын, енді міне Раушанның өзі де әсерлі сәттен видео жүктеп, көпшілікке сүйіктісін көрсетті.

Раушан Құдайберген тұрмысқа шығатын сері -  Ермахан Аймахан есімді жігіт. Ол Астана қаласының Музыкалық жас көрермен театрының актері.

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі. Instagram парақшасында 5 мыңға жуық оқырманы бар әртіс Шымкент қаласының тумасы. Бүгінде жасы – 25-те. Ол ән де айтып, би де билеп, спортпен де айналысады. Жыл сайын қазақша күреске қатысатыны да бар. Сондай-ақ Ермахан, волейбол ойнап, көкпар тартуды да хоббиіне айналдырған.


Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше