Өзіне тең адамды жолықтыру — көптеген жұлдызды балалардың ұстанатын басты қағидасы. Сондықтан шоу-бизнес әлемінде белгілі бір атақты әулеттен шыққан жұлдызды жұптар аз емес.
Майли Сайрус пен Патрик Шварценеггер
Кантри-жанры жұлдызының қызы 2014 жылы атақты Шварценеггерлер әулетінің мұрагері Патрикпен кездескен болатын. Өкінішке қарай, бір жылдан кейін олар айырылысып кетті. Қандай керемет жұп болар еді!
Кендалл Дженнер мен Анвар Хадид
Крис Дженнер мен Иоланда Хадид бір-біріне құрметпен қарайды, дегенмен көпшілік оларды шоу-бизнес саласында бәсекелес аналар деп санайды. Алайда 2018 жылы Кендаллдың Анвармен байланысынан бұл екі әулет біріккен туыстық одаққа айналуы мүмкін еді. Бірақ, тағдыр олай бұйыртпады.
Лили Коллинз пен Чарли Макдауэлл
Лили — аңызға айналған Genesis тобының мүшесі Фил Коллинздің қызы. Ал Чарли актерлік жұп Мэри Стинберген мен Малкольм МакДауэллдің ұлы. Бұл жұпта барлығы сәтті үйлескендей.
Айрис Апатоу мен Райдер Хадсон
Голливудтың қос танымал тұлғасы Лесли Манн мен Кейт Хадсон келешекте құда-құдағи болып қалуы әбден мүмкін еді. Алайда Айрис пен Райдер өз қарым-қатынастарына нүкте қойды.
Бруклин Бекхэм мен Никола Пельтц
Қаржылық және экономикалық тұрғыдан алғанда бұл жұптың деңгейі әртүрлі. Бірақ медиа саласындағы беделдерін есепке алсақ, Бруклин мен Никола — екеуі де өз отбасыларының жұлдызды өкілдері.
Usmagazine ұсынған мақаланың түпнұсқасын мына сілтеме арқылы оқи аласыз.
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Аударған. Қорлан Тұрсынбекова.