K-pop жұлдыздарының камбэгі! BLACKPINK тобы «JUMP» атты жаңа туындысын ұсынып, жанкүйерлерін қуантты. Бұл — соңғы үш жылдағы алғашқы сингл. Тректің тұсаукесері жуырда Сеулде өткен концертте өтті.
Дженни, Лиса, Розэ және Джису ұсынған бейнебаян топтың бұрынғы жұмыстарына ұқсамайды. Аранжировкада гитара рифтері, 90-жылдардағы электроника элементтері мен американа әуендері үйлесім тапқан.
Еске сала кетейік, төрт қыздан құралған топтың соңғы студиялық альбомы — «Born Pink» — 2022 жылдың қыркүйегінде жарық көрген еді. Альбомға енген «Pink Venom» трегі трендке айналып, әлемдік музыкалық чарттарда көш бастады. Қазіргі таңда ұжым мүшелері жеке шығармашылық бағытта белсенді жұмыс істеп жүр.