«Гран-при Қазақстанның еншісінде»: Жас әнші Алмагүл Батталиева «Славян базары» байқауында жеңіске жетті!
Фото. Instagram @almushonok. Автор. @nurbek.hairullaev

«Гран-при Қазақстанның еншісінде»: Жас әнші Алмагүл Батталиева «Славян базары» байқауында жеңіске жетті!


Славян базарының 2025 жылғы жеңімпазы – қазақстандық әнші! Алмагүл Батталиева есімді отандасымыз халықаралық музыкалық байқаудың гран-при иегері атанды.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, 2025 жылғы 10-13 шілде аралығында Беларусь Республикасында «Витебсктегі Славян базары» XXXIV Халықаралық өнер фестивалі өткен болатын. Байқауға Қазақстан атынан Дәнеш Рақышев атындағы Жетісу облыстық филармониясының әншісі Алмагүл Батталиева қатысып, финалда «Вечность» композициясын орындап, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.

Таланты мен кәсіби дайындығының арқасында Алмагүл Батталиева екі байқау күнінің қорытындысы бойынша 137 ұпай жинап, рекордтық көрсеткішке жетті.

Алматы қаласының тумасы бұған дейін «Жас Қанат – 2023» фестивалі, «Алматым жүрегімде», «Шырқа, Қазақстан» сынды беделді музыкалық байқауларда жоғары деңгейде өнер көрсетіп, кәсіби шеберлігін бірнеше мәрте дәлелдеген. Сонымен қатар, ерекше дарын иесі аккордеон, фортепиано және укулеле сияқты бірнеше аспапты еркін меңгерген. 14 жасында П. И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжіне оқуға түскен.

Еске сала кетейік, отандастарымыз арасынан Димаш Құдайберген 2015 жылы, ал Рухия Байдүкенова 2021 жылы бас жүлдені иеленген болатын. Сондай-ақ, 2015 жылы балаларға арналған «Славян базары» байқауында 10 жасар Луиза Нұрқуатова гран-при жеңіп алған еді.


Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше