«Бақыттың ерте-кеші жоқ»: Құралай Анарбекова қалыңдық атанды! Актрисаның жүрегін жаулаған сері кім?
Фото. Instagram @kuralay_corich

«Бақыттың ерте-кеші жоқ»: Құралай Анарбекова қалыңдық атанды! Актрисаның жүрегін жаулаған сері кім?


Қазақстандық актриса әрі кинопродюсер Құралай Анарбекова сүйінші жаңалығымен бөлісті — өнер иесі қалыңдық атанды!

Бұл жағымды хабарды алғашқылардың бірі болып танымал тележүргізуші Ләйла Сұлтанқызы жариялады. Ол әлеуметтік желідегі парақшасына актрисаның ақ көйлекпен түскен суретін жүктеп, жүрекжарды тілегін арнады:

«Құрбым, жақыным Құралай Анарбекова қалыңдық атанды! Ақжүрек, кең пейіл азаматың – сені алақанында аялап өтетініне сенемін! Бір-бірін ұзақ күтіп, жолықтырған құрдастарға мәңгілік махаббат тіледім!» – деп жазды медиа тұлға.

Айта кетейік, Құралай Анарбекова бірнеше күн бұрын өзінің Instagram парақшасында бриллиант жүзікті көрсетіп, ұсыныс алғанын қуана хабарлаған еді. Ал Ләйла Сұлтанқызының жазбасына сүйенсек, актрисаның таңдауы – өзінің құрдасына түскен. Алайда Құралайдың болашақ жарының кім екені әзірге жарияланған жоқ.


Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше