«Уақытша фильмдерге түсуден бас тарттым!» — Айжұлдыз Адайбекова кино әлемінен үзіліс алатынын хабарлады. Бұған себеп — актрисаның екінші сәбиіне жүкті болуы. Сәкен Қағаров пен Julie жақында ата-ана атанбақ. Жұлдыз жұп бұл қуанышты жаңалықты Instagram парақшаларында бөлісті. Айжұлдыз тіпті Netflix жобасынан бас тартқанын да жасырмады.
Актриса аяғы ауыр екенін білген сәтте бұл туралы ең алдымен күйеуіне ғана айтқан. Блогер әрі инфлюенсер ретінде танымал Айжұлдыз жақындарының эмоциясын таспаға түсіріп, гендер-пати жасаудан бас тартқанын жеткізді. Ал сәбиінің жынысын оқырмандарына жариялау үшін арнайы контент дайындап қойған екен.