Карамель келін қайта оралды: Кәмшат Жолдыбаева мен Ғазрет Қажымұқанұлы ортақ контент жүктеп, ажырасты деген қауесетке нүкте қойды!
Фото. Instagram @kamshat__zholdybayeva

Карамель келін қайта оралды: Кәмшат Жолдыбаева мен Ғазрет Қажымұқанұлы ортақ контент жүктеп, ажырасты деген қауесетке нүкте қойды!


Карамель келін қайта оралды! Біршама уақыт желіден алыстап кеткен Кәмшат Жолдыбаева Instagram парақшасына қайта оралып, белсенділігін арттырды. Әнші жұбайы, актер Ғазрет Қажымұқанұлымен бірге түсірілген ортақ контент ұсынып, көптің көкейінде жүрген күдіктерге жауап берді.

Соңғы уақытта көпшілік арасында жұлдыз жұптың арасы суыды, тіпті ажырасып кетті деген сыбыс желдей ескен еді. Бұған дейін ресми түсініктеме бермеген қос өнер иесі қарым-қатынастарының берік екенін дәлелдеу мақсатында романтикалық фотосессия жасап, оны әлеуметтік желіде жариялады. Желі қолданушылары бұл фотолардан олардың бір-біріне деген махаббатын анық аңғара алады.

«Суреттер сөйлесін…», «Көпшіліктің сұрауымен…», – деп жаңа жазбасында атап өткен Кәмшат Жолдыбаева осылайша фанаттарының күдігін сейілтіп, жағымсыз пікірлерге нүкте қойды. Әнші әрі актриса жеке парақшасына көңіл бөле бастағанын да жеткізді. «Ыңғайлы сәт болмайды екен. Қазір не істей аласың – маңыздысы сол», – дейді ол.

Жанкүйерлер енді Кәмшаттың әншілік мансабын қайта жандандыруын асыға күтуде. Алайда бұл – уақыт еншісінде.


Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше