«Сен бәрін дұрыс жасап жатырсың, осылай жалғастыра бер!» – осы аптада көп зодиак белгілері дәл осындай қолдауды сезінеді. Бұл – тосын оқиғалар мен қуанышты жаңалықтарға толы кезең. Ең бастысы – мүмкіндіктерді жіберіп алмау және ғажайыптарға ашық болу. Апталық жұлдыз-жорамалды оқып, толығырақ біліңіз.
Тоқты
Жағымды жаңалық! Апта махаббатпен басталмақ. Егер сіз ғашық болам деп ойламаған болсаңыз да, бұл сезім сізді өзі тауып алады. Ал «ол» – бойы ұзын, табысты, қызықты жан болуы әбден мүмкін.
Торпақ
Бұл аптада үй – сіздің күш-қуат көзіңізге айналады. Үй іші шаттыққа толы, күлкі мен туғандардың мейірімі төгіледі. Қонаққа келетін туыстар да жағымды жаңалық болады. Отбасылық байланыстарды нығайтудың сәті.
Егіздер
Сіздің жарқырайтын кезіңіз келді! Жаңа таныстықтар, табысты сапарлар, пайдалы ақпараттар күтіп тұр. Құжаттар, келіссөздер және логистикаға байланысты барлық іс оңай әрі тиімді шешіледі.
Шаян
Дәл осы аптада сізді қаржылай сәттілік күтіп тұр. Ұтыс, қымбат сыйлық немесе күтпеген табыс болуы мүмкін. Апта ішінде ақшалай жол ашылады. Өзіңізге ұнайтын заттар сатып алуға тартынбаңыз.
Арыстан
Жұлдыздар кеңесіп алғандай, осы аптада Арыстандардың барлығына жол ашып қоймақ. Махаббатта да, жұмыста да, қаржыда да – бәрі сізге қарай бұрылады. Қасыңыздағылар сізге қызыға қарайды. Өзіңізге ханшайымдай сезінуге толық құқығыңыз бар.
Бикеш
Сізге қарсы шыққандар жеңіледі. Интригалар мен көлеңкелі істерді әшкерелеп, тіпті, солардан өз пайдаңызды таба аласыз. Бастысы – қиындықтардан қорықпаңыз.
Таразы
Сәттілік достар арқылы келеді. Бір досыңыз маңызды бір істі шешуге көмектессе, екіншісі арманыңызды орындауға шабыттандыруы мүмкін. Махаббат, ақша немесе қалаған дүниеңізге қатысты армандар орындалуы ғажап емес.
Сарышаян
Жұмыста жетістік, басшылықтың қолдауы мен әріптестердің құрметі – осы аптада сізге серік болады. Бизнесте жаңа мүмкіндіктер мен маңызды таныстар күтіп тұр. Өзіңізді көрсетуге дәл қазірден бастаңыз.
Мерген
Апта жаңа бағыттар мен саяхаттарға толы. Әсіресе шетелге бару – рухани серпіліс әкеледі. Халықаралық жобаларда, білім мен шығармашылықта жолыңыз болады. Көкжиек кең, оны тек көру керек.
Тауешкі
Қаржылық тосын сыйлар қуантады. Жүлде, бонус немесе күтпеген табыс – ақша күтпеген жерден келуі мүмкін. Бірақ бұл – сізге лайық ресурстар. Тағдырға ризашылығыңызды білдіруді ұмытпаңыз.
Суқұйғыш
Серіктестік қарым-қатынастар алдыңғы орынға шығады. Бұл – неке қию, жаңа одақ құру үшін тамаша уақыт. Жеке өмірде де, іскерлік салада да табысты келісім, жеңіске жету ықтималдығы жоғары.
Балықтар
Жұмыс жағдайлары жақсарады, үй шаруалары жеңілдейді. Көмекшілер не қажетті техника пайда болады. Өзіңізге жасаған қамқорлық нәтижесін бере бастайды. Жауапкершілікті бөлісуден және өз жайлылығыңызды таңдаудан қорықпаңыз.
Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан.