2026 жылға арналған қаржылық жұлдыз-жорамал: капиталыңызды қалай көбейтуге болады?
Фото. Ардақ Сәтбаева.

2026 жылға арналған қаржылық жұлдыз-жорамал: капиталыңызды қалай көбейтуге болады?

Гүлдана Мұқан
25 декабря 2025

Қаржылық жұлдыз-жорамал, соның ішінде 2026 жылға арналғаны да, барлық зодиак белгілеріне ортақ бір ғана жауап бермейді. Біреулердің табысы алдағы уақытта бірнеше есе артуы мүмкін, ал енді біреулер, керісінше, үйреншікті өмір деңгейін сақтап қалу үшін күресуге мәжбүр болады. Бұл жерде шешуші рөлді тәуекелге баруға, жауапкершілік алуға және қалыптасқан шеңберден шығуға дайын болуыңыз атқарады.

Тоқты

Тоқтылар еңбектерінің бағалана бастағанын ақыры сезінеді. Дегенмен жұмыс беруші немесе серіктес қалаған соманы өздігінен ұсынады деп күтпеңіз. Лайықты табыс үшін күресуге тура келеді: өз шарттарыңызды батыл айтыңыз және ісіңізде мықты екеніңізді түсінсеңіз, талап деңгейін көтеруден қорықпаңыз.

Торпақ

Торпақтарға қаржылық тұрғыда айтарлықтай рекордтар мен бизнес-журналдардың мұқабалары бұйырмауы мүмкін. Бірақ табыс тұрақты болып, жайлы өмір сүруге жеткілікті болады. Биылғы ең дұрыс шешім — ақшаны сақтауға мән беру және жинақ құнсызданбас үшін ақылға қонымды инвестициялар жайлы ойлану.

Егіздер

2026 жылы Егіздердің сүйікті ісі нақты табыс әкеле бастайды. Иә, кәсіпкерлік жолы оңай емес, бірақ сіз әрекет еркіндігіне және табысыңызды өзіңіз басқару мүмкіндігіне ие боласыз.

Фото. Ардақ Сәтбаева.

Шаян

Өткен жыл Шаяндар үшін қаржылық жағынан ауыр әрі кей сәттерде қиын болды. Жұлдыздар сіздің бұл жағдайдан сабақ алғаныңызға үміт артады. Енді қаржылық сауаттылықты арттырып, шығын мен кірісті дұрыс үйлестіру аса маңызды. Әйтпесе, қайтадан қарызға батып, одан шығу қиын болуы мүмкін.

Арыстан

2026 жылға арналған қаржылық жұлдыз-жорамалға сүйенсек, Арыстандарды ұсақ, бірақ жағымды жеңістерден кейін азарт билеуі мүмкін. Алайда жұлдыздар ескертеді: дәл қазір барлығын тәуекелге тігуге қолайлы уақыт емес. Әсіресе қағаз жүзінде ғана тартымды көрінетін, құрылыс, туризм немесе фармацевтика салаларындағы күмәнді әрі тым ауқымды жобалардан аулақ болыңыз.

Бикеш

Бикештер үйреншікті қаржылық шеңберден шығуға мүмкіндік алады. Егер бірден бірнеше бағытта жұмыс істеуден қорықпасаңыз, табыстың айтарлықтай өсуі мүмкін. Жұлдыздар алдыңызға биік мақсат қоюға кеңес береді — бұл ақшаны сауатты бөлуді, жинақтауды және стратегиялық ойлауды үйренуге көмектеседі.

Фото. Ардақ Сәтбаева.

Таразы

Алдағы жылы бюджетіңізге төнетін басты қауіп — аяқ астынан қабылданған шешімдер. Тұрақтылық сезімі пайда болған сәтте ірі бір затқа қомақты қаржы жұмсау ниеті туындауы мүмкін. Кейін қиналмас үшін, қаржылық «қауіпсіздік жастығын» алдын ала қалыптастырып, импульсивті әрекеттерді бақылауда ұстаңыз.

Сарышаян

Сарышаяндар Ғалам тарапынан күшті қолдауды сезінеді. Бұл — жоспарларды кеңейтіп, сенімді түрде алға жылжуға қолайлы кезең. Табысқа кедергі келтіретін жалғыз нәрсе — жалқаулық пен болашағы зор мүмкіндіктерден бас тартып, артық ұйқы немесе созбалаңға салыну сияқты күмәнді басымдықтарды таңдау.

Мерген

Мергендер үшін 2026 жыл тағы бір төзімділік сынағы болмақ, алайда жұлдыздар өзіңізге деген қысымды азайтуды ұсынады. Өзіңіз белгілеген шектен тыс дедлайндар күйзелісті күшейтіп, зейінді төмендетеді. Кейде қатаң шеңбердің болмауы сіз үшін әлдеқайда тиімді нәтиже береді.

Фото. Ардақ Сәтбаева.

Тауешкі

Тауешкілерге 2026 жылға арналған қаржылық жұлдыз жорамал саннан гөрі сапаға мән беруге кеңес береді. Ұсақ-түйек тапсырмалардың соңынан қуу тез шаршатуы мүмкін. Сізге әлдеқашан ауқымды ойлап, ірі ойынға баруға рұқсат беру қажет. Екі-үш шынайы мақсатты айқындап, оларды асықпай жүзеге асыру үшін өзіңізге жаз ортасына дейін уақыт беріңіз.

Суқұйғыш

Суқұйғыштар үшін жұмыс пен демалысқа деген көзқарасты қайта қарау маңызды. Бұрын демалуды тек ауыр еңбектен кейін ғана мүмкін деп санасаңыз, енді керісінше әрекет ету керек. Алдын ала күш-қуатты қалпына келтірсеңіз, жұмысыңыз әлдеқайда тиімді болады, ал қаржылық нәтиже көп күттірмейді.

Балықтар

Балықтар жақсы табыс уәде ететін болашағы зор ұсыныс пен үйреншікті жайлылықтың арасында таңдау жасауға мәжбүр болады. Әдеттегідей, сіз үшін ең сенімді кеңесші — интуиция. Бұл жеңіс не жеңіліс туралы емес, шешім туралы: өзгерістерді қазір қабылдауға дайынсыз ба, әлде оларды кейінге қалдырғанды жөн көресіз бе.


Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше