Келе жатқан 2026 жылға арналған жұлдыз-жорамал: барлық зодиак белгілері үшін
Фото. Дарина Шапошникова.

Келе жатқан 2026 жылға арналған жұлдыз-жорамал: барлық зодиак белгілері үшін

18 декабря 2025

2026 жылға арналған жұлдыз-жорамал кездейсоқтық емес, саналы болу шешуші рөл атқаратын кезеңді меңзейді. Бұл – ішкі қорытынды шығарып, бұрынғы тұжырымдарды қайта тексеріп алу уақыты. Юпитер жаңа мүмкіндіктер ашады, бірақ оларды пайдаланатыны – шынымен дайын тұрғандар ғана. Сатурн қатаң сүзгі қызметін атқарады: қиял мен өзін-өзі алдау негізінде құрылғанның бәрі тұрақтылығын жоғалтады, ал адал әрі ойластырылған іргетастар дамуға жол табады. 2026 жыл – іріктеу жылы: адамдардың, мән-мағыналардың, басымдықтардың. Марс энергиясы әрекетке итермелейді, бірақ сезімге берілетін емес, нысаналы әрекетке. Венера драматизацияның орнына үйлесімділік таңдауға назар аудартса, Меркурий анық та тура диалогқа жетелейді. Бұл – пісіп-жетілген шешімдердің уақыты: салмақталған «иә» мен саналы «жоқ». Жұлдыздар өз-өзімен терең жұмыс істеуге дайындарға қолайлы, ал ұзақ уақыт күту режимінде тұрған кезеңдер біртіндеп жабылады. Егер 2025 жыл ішкі ширығу уақыты болса, 2026 жыл ішкі жеңілдеу мен айқындықты білдіреді.

Тоқты

Бұл жұлдыз белгісі үшін 2026 жыл белсенді қозғалыс пен жаңарудың кезеңі болмақ. Марстың күшейген ықпалы ішкі қуатты оятып, қадамдарыңызға сенімділік береді. Ұзақ уақыт бойы ілгерілемей тұрған үдерістер жылдамдай бастайды. Шешім қабылдауда дербестік артып, таңдалған бағыт үшін жауапкершілікті өз мойныңызға алуға дайындық күшейеді.

Астрологиялық кеңес: тәуекел етуден, ойларыңызды басшылыққа не әріптестерге ұсынудан қорықпаңыз! Иә, идеяға бай екеніңізді білеміз.

Торпақ

Торпақтар үшін 2026 жыл – тұрақтану мен нық алға басу кезеңі. Күмәнге толы мезгілден кейін ішкі тепе-теңдік сезімі орнығады. Сатурн істер мен жоспарларда мығым құрылым қалыптастыруға жәрдемдесіп, тұрақты басымдықтар жүйесін құруға көмектеседі. Бұл – баяу болса да сенімді түрде позициялар бекитін жыл.

Астрологиялық кеңес: күнделік бастаңыз да, күнделікті міндеттеріңізді жазып жүріңіз.

Егіздер

Жыл қарқын мен зияткерлік серпіліс әкеледі. Юпитер көкжиекті кеңейтіп, білімге, жаңа байланыстар мен идеяларға қызығушылықты арттырады. Сонымен қатар Сатурнның ықпалы тәртіп пен жауапкершіліктің қажеттігін еске салады, әйтпесе әлеует босқа рәсуа болады.

Астрологиялық кеңес: таныстықтың кез келгені мансабыңызға пайдасын тигізеді, сондықтан іс-шараларға жиірек барыңыз. Кім біледі, бәлкім дәл сонда махаббатыңызды немесе рухтас жаныңызды табарсыз.

Гороскоп 2026 год
Фото. Дарина Шапошникова.

Шаян

Шаяндар үшін 2026 жыл тыныш әрі сабырлы басталады, бірақ тереңде маңызды ішкі өзгерістер іске қосылады. Бұл – ескірген кезеңдерді аяқтап, өзектілігін жоғалтқан эмоционалдық байланыстардан босау уақыты. Жылдың алғашқы жартысында Марс алдағы өмір жолына әсер ететін маңызды шешімдер қабылдауға батылдық береді.

Астрологиялық кеңес: бұрынғыға қайта оралмаған дұрыс. Айтқандай, бір өзенге екі рет түсуге болмайды.

Арыстан

Арыстандар үшін жиған-терген тәжірибені жүзеге асыратын уақыт келді. Юпитер мен Марс өзіне сенімділік пен өзін көрсетуге ұмтылысты күшейтеді, ал Венера жеке өмірге жарқындық қосады. Сонымен бірге Сатурн талапшылдық танытып, нақтылық пен жауапкершілікті қажет етеді. Табысыңыз сыртқы әсерден емес, қадамдарыңыздың ойластырылғанынан тәуелді болады.

Астрологиялық кеңес: қазірден-ақ жылға арналған тілек картасын жасап, қайда бағыт алып бара жатқаныңызды айқындап алған жөн.

Бикеш

Бикештер үшін бұл 365 күн – басымдықтарды саналы түрде қайта қарау кезеңі. Сатурнның әсерімен істерде, сезім әлемінде және ұзақ мерзімді мақсаттарда тәртіп пен құрылымға сұраныс артады. Іштей қайта бағамдау сезімі болуы мүмкін, алайда Юпитердің қолдауы таңдалған бағыттың дұрыстығын қуаттайды. Бұл жыл шешімдердің сапасы мен өмірге кемел көзқарасты алға шығарады: тұрақтылық ішкі еркіндікпен ұштасады.

Астрологиялық кеңес: сенім артатын, ақыл-кеңес сұрайтын бір ментор табыңыз.

Гороскоп 2026 год
Фото. Дарина Шапошникова.

Таразы

2026 жыл Таразыларға белсенді қимылдап, сыртқы жайлылық үшін тепе-теңдікті пассивті сақтаудан бас тартуды талап етеді. Сатурн өз координаталар жүйеңізді қалыптастырып, жеке шекараларды айқынырақ түсінуге итермелейді. Юпитер әлеуметтік байланыстар мен кәсіби мүмкіндіктерді кеңейтеді, ал Венераның ықпалы қарым-қатынастарда әдет емес, саналы таңдау негізінде құрылған үйлесімнің маңызын арттырады.

Астрологиялық кеңес: жайлы аймақтан шығып, жаңа нәрселерді байқап көріңіз, мысалы, барре жаттығуларына жазылыңыз.

Сарышаян

Сарышаяндар үшін 2026 жыл – терең ішкі өзгерістер кезеңі. Өзектілігін жоғалтқан кезеңдер аяқталып, шамадан тыс міндеттемелер мен эмоционалдық байланыстардан босау жүреді. Кармалық үдерістер тазару мен жаңаруға ықпал етеді, Сатурн тұлғалық өсуге дем береді, ал Юпитер күрделі кезеңдерден кейінгі тұрақтылықты қайта орнықтыруға жәрдемдеседі. Трансформация саналы түсіну мен қабылдау арқылы өтіп, жаңа тірек нүктесін қалыптастырады.

Астрологиялық кеңес: үйдегі қоқыс пен қажетсіз заттардан құтылыңыз. Құны қалмағанын тастаңыз. Сеніңіз, орнына жақсысы келеді.

Мерген

Жаңа жылда Мергендер ниеттенуден нақты іске көшуі тиіс. Сатурн тәртіп пен жауапкершілікке талапшылдықты күшейтіп, мақсаттардың өміршеңдігін тексеруге көмектеседі. Бұл кезең есейіп, ұзақ мерзімді бағдарлар қалыптастыруға ықпал етеді, мұнда амбиция дәйекті әрекетпен бекітіледі.

Астрологиялық кеңес: ой + әрекет = нәтиже. Алғашқы қадамнан қорқып, тоқырап тұрсаңыз, ілгерілеу болмайды – сенімсіздеу болса да, бастай беріңіз.

Гороскоп на 2026 год для всех знаков зодиака
Фото. Дарина Шапошникова.

Тауешкі

Тауешкілер үшін 2026 жыл – қол жеткізген позицияларды бекітіп, стратегиялық дамуды білдіреді. Сатурн жауапкершілік сезімі мен үдерістерді басқаруды күшейтеді, Юпитер көкжиекті кеңейтіп, өсімге жол ашады, ал Венера болып жатқанға эмоциялық тереңдік дарытады. Бұған дейінгі еңбектің нәтижелері айқынырақ көрініп, тұрақтылық пен кәсіби кемелдік сезімін қалыптастырады.

Астрологиялық кеңес: жаңа шыңдарды бағындырыңыз, ауқымдырақ ойлауға тырысыңыз және «самозвандық синдромынан» арылыңыз.

Суқұйғыш

2026 жыл Суқұйғыштарға қарқынды өзгерістер мен өзін іске асырудың жаңа мүмкіндіктерін әкеледі. Юпитер көкжиекті кеңейтеді, Марс белсенділікті арттырады, ал Сатурн идеяларды практикада жүзеге асыруды талап етеді. Бұл кезең жаңалықтар мен стандарттан тыс шешімдерге толы болады; дұрыс тәсілмен олар елеулі жеке және кәсіби жетістіктерге жеткізе алады.

Астрологиялық кеңес: ойға келген бастамалардың бәрін дереу жазып алып, оларды бірнеше мәрте қайта оқып, жаңа мағыналар тауып көріңіз. Әрі, әрине, содан соң іске кірісіңіз.

Балықтар

Балықтар үшін 2026 жыл – қалпына келу мен ішкі тепе-теңдік кезеңі. Сатурн ықпалының сипаты өзгеріп, саналы өсуге және өзіндік сенімді нығайтуға жәрдемдеседі. Юпитер шабыт, жаңа таныстықтар және әлеуетті ашуға мүмкіндік әкеледі. Бұл кезең сезімталдық пен жанашырлықты сақтай отырып, ішкі тұрақтылық пен кемелдікті күшейтеді.

Астрологиялық кеңес: интуицияңызға құлақ салыңыз: ол кез келген сұраққа жауапты әлдеқашан біледі. Ең маңыздысы – өзіміздің ішімізде, тек жүрекке жақынды жиі таңдасаңыз болғаны.


Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше