2026 жылға арналған махаббат жұлдыз-жорамалы: тағдыр қосқан одақ және «сол бір адамды» кездестіру мүмкіндігі
Фото. Моника Лис.

2026 жылға арналған махаббат жұлдыз-жорамалы: тағдыр қосқан одақ және «сол бір адамды» кездестіру мүмкіндігі

Гүлдана Мұқан
22 декабря 2025

Айтуларынша, 2026 жыл — тағдыр қосатын одақтар жылы. Ғаламшарлардың ықпалы зодиак белгілерінің көпшілігіне жеке өмір мен маңызды таныстықтар саласында қолайлы жағдай туғызады. Тіпті жан дүниесі жақын адамды жолықтыруға үмітін үзген жандардың өзі шынайы әрі терең сезімдерге қол жеткізе алады. Алайда махаббатта дайын сценарий күтуге болмайды: үйлесім жеке белсенділікті, икемділікті, эмоциялық адалдықты және өзіңді ғана емес, айналаңдағы адамдарды да тыңдай білуді талап етеді. 2026 жылға арналған махаббат жұлдыз-жорамалы сізге не уәде етеді? Төменде оқыңыз.

Тоқты

Қыс пен көктем мезгілдері Тоқтылар үшін романтикалық оқиғалар тұрғысынан ең сәтті кезең болмақ. Мүмкіндіктер саны ғана емес, жаңа адамды өмірге қабылдауға деген ішкі дайындық та арта түседі. Дегенмен жұлдыздар тек құмарлық пен импульске ермеуге кеңес береді. Бұл — серікті байыппен таңдауды қажет ететін маңызды шешім, сондықтан психологиялық жайлылық пен өмірлік құндылықтардың үйлесуі басты орында болуы тиіс.

Торпақ

Жылдың алғашқы жартысы Торпақтар үшін негізінен практикалық мәселелерге — қаржыға, тұрмысқа және тұрақтылыққа бағытталады. Романтикалық кездесулер болуы мүмкін, алайда олар бұл кезеңнің негізгі тақырыбына айналмайды. Ал жаздың келуімен көңіл күй айтарлықтай өзгереді: эмоция күшейіп, жеңілдік пен махаббатқа деген құштарлық пайда болады. Қатынаста жүрген Торпақтар үшін жылы маусым ортақ сапарлар мен отбасыға қатысты маңызды қадамдарды талқылауға қолайлы.

Егіздер

Жылдың басы Егіздерден жеке қарым-қатынаста нақтылықты талап етеді. Қай байланыстардың болашағы бар, ал қайсысы өз мәнін жоғалтқанын анықтайтын уақыт келді. Шешімді кейінге қалдыру сізге қарсы жұмыс істеуі мүмкін: астрологиялық ықпалдар кідірістің күтпеген әрі жағымсыз салдарға әкелуі ықтимал екенін ескертеді. Айқындық пен уақытында қабылданған шешім — ішкі тыныштықтың кілті.

2026 жылға арналған махаббат жұлдыз-жорамалы: тағдыр қосқан одақ және «сол бір адамды» кездестіру мүмкіндігі
Фото. Моника Лис.

Шаян

Шаяндар үшін бұл жыл отбасы мен эмоциялық жақындық тақырыптарымен тығыз байланысты болады. Некеде немесе байсалды қарым-қатынаста жүргендер серіктес тарапынан көбірек қолдау, қамқорлық пен қатысуды сезінеді. Отбасын кеңейту туралы әңгімелер де туындауы мүмкін. Ал бойдақ Шаян әйелдер өз шаңырағын құру және берік одақ туралы жиі ойланатын болады, алайда кейбіріне алдымен жеке дербестігін нығайту қажет.

Арыстан

Арыстандар бұл 365 күн бойы эмоциялық толқуларға тап болады. Жаңа сезімдерге деген құштарлық өткен шақтағы естеліктермен және аяқталмаған оқиғалармен қақтығысуы мүмкін. Қай бағытты таңдау — өз еркіңізде, алайда 2026 жылға арналған махаббат жұлдызжорамалы мінезіңіздің күрделілігіне қарамастан, сенімділігін дәлелдеп үлгерген, өміріңізде бұрыннан бар адамдарға назар аударуға кеңес береді.

Бикеш

Жылдың басы Бикештер үшін жеке өмірде көңіл қалушылық әкелуі мүмкін: белгілі бір адамға артылған үміт ақталмайды. Серіктестің қызығушылықтары сіздің жоспарларыңызбен сәйкес келмейді. Дегенмен жылдың екінші жартысында жағдай едәуір жақсарады. Бұл кезең өзара құрмет пен ортақ мақсаттарға негізделген, байыпты әрі тұрақты қарым-қатынастарды қалыптастыруға өте қолайлы.

2026 жылға арналған махаббат жұлдыз-жорамалы: тағдыр қосқан одақ және «сол бір адамды» кездестіру мүмкіндігі
Фото. Моника Лис.

Таразы

Таразыларды жыл бойы саяхат тақырыбы және алыс елдермен байланыстының бәрі ерекше қызықтырады. Әсіресе шетелде немесе сапар барысында романтикалық таныстықтардың ықтималдығы жоғары. Жарқын курорттық роман болуы да ғажап емес — ол жадта жылы із қалдырып, ұзақ уақыт жағымды эмоциялар сыйлайды. Жалпы алғанда, жеке өмір әсерлі әрі жаңа әсерлерге толы болады.

Сарышаян

Мамыр айынан бастап жылдың соңына дейін Сарышаяндар күшті сезімдер мен эмоциялық толқулардың дәл ортасында қалады. Кей жағдайда сіз өзіңіз шиеленісті жағдайлардың бастамашысы болып, серіктесті ашық реакцияларға итермелеп, қарым-қатынасты беріктікке сынауыңыз мүмкін. Бұл кезең саналы көзқарасты талап етеді: егер одақ сіз үшін шынымен қымбат болса, эмоцияны дұрыс жеткізіп, негізсіз жанжалдардан аулақ болуды үйрену маңызды.

Мерген

Көктемде немесе жазда Мергендердің өмірінде елеулі оқиға орын алып, үлкен өзгерістерге шабыттандыруы мүмкін. Тұрақтылық пен айқындыққа деген қажеттілік артып, бұл жеке өмірде маңызды шешімдерге, тіпті қарым-қатынасты ресми түрде бекітуге әкелуі ықтимал. Алайда күз мезгілі сізді сынақтан өткізеді: жасалған таңдаудың дұрыстығын және оған жауапкершілік алуға дайын екеніңізді қайта бағалауға тура келеді.

2026 жылға арналған махаббат жұлдыз-жорамалы: тағдыр қосқан одақ және «сол бір адамды» кездестіру мүмкіндігі
Фото. Моника Лис.

Тауешкі

Көктем Тауешкілер үшін махаббат саласында оңайға соқпайтын сынақтар әкелуі мүмкін. Серіктестің сенімсіздігі немесе адалдығының жоқтығына байланысты көңіл қалу қаупі бар. Мұндай жағдай орын алса, жұлдыздар өткенге жабыспауға кеңес береді. Ал күзде шынайы терең әрі адал сезімдерге жол ашатын адамды кездестіру мүмкіндігі туады.

Суқұйғыш

Суқұйғыштар үшін бұл жыл ішкі қайшылықтар мен күрделі таңдаулар кезеңі болады. Кәсіби мақсаттар мен жеке өмірдің, эмоциялық тартыс пен тұрақтылықтың арасындағы тепе-теңдікті табу мұқият ойлануды талап етеді. Күмәндарға қарамастан, интуиция дұрыс бағытты нұсқайды. Алайда жаңа мүмкіндіктерге ұмтылыс түпкілікті шешімді қайта-қайта кейінге қалдыруға итермелеуі мүмкін.

Балықтар

Балықтардың жеке өмірі тыныш әрі болжамды арнада дамиды, бұл кейбіреулерге тым бірқалыпты болып көрінуі мүмкін. Дегенмен дәл осы тұрақты ырғақ сезімдерді нығайтуға мүмкіндік береді. Ортақ сапар немесе ортаны өзгерту эмоциялық жақындықты қайта жандандыруға көмектеседі. Ал бойдақ Балық әйелдеріне жұлдыздар жылдың екінші жартысында өмірдің қалыпты ағысын өзгерте алатын маңызды кездесуді уәде етеді.


Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше