«Gender party қазақтардың мерекесі емес»: Альмира Тұрсын болашақ сәбиінің жынысын ашық айтты
Фото. Instagram @almiratursyn

«Gender party қазақтардың мерекесі емес»: Альмира Тұрсын болашақ сәбиінің жынысын ашық айтты

Гүлдана Мұқан
22 декабря 2025

2025 жылдың қазан айының басында жүкті екенін жариялап, оқырманынан сүйінші сұраған актриса Альмира Тұрсын тағы бір қуанышты жаңалығымен бөлісті. Ол араға 12 жыл салып, екінші сәбиін дүниеге әкелуге дайындалып жүргенін айтқан еді.

Режиссер Ақан Сатаевтың «Томирис» фильміндегі патшайым образы арқылы танылған кино жұлдызы бұл жолы болашақ бөбегінің жынысын жария етті. Жуырда екінші рет ресми тұрмыс құрғанын мәлімдеген актриса қыз баланы күтіп жүргенін айтты.

«Gender party қазақтардың мерекесі емес деп, жай ғана фото сала салайын дедім… Ал енді, Құдай қаласа, қыз күтіп отырмыз!» — деп Альмира Тұрсын Instagram парақшасында әзіл аралас жазба қалдырды. Желі қолданушылары актрисаны қуанышымен жарыса құттықтап, жылы лебіздерін білдіруде.

«Gender party қазақтардың мерекесі емес»: Альмира Тұрсын болашақ бөбегінің жынысын ашық айтты
«Gender party қазақтардың мерекесі емес»: Альмира Тұрсын болашақ бөбегінің жынысын ашық айтты
«Gender party қазақтардың мерекесі емес»: Альмира Тұрсын болашақ бөбегінің жынысын ашық айтты

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше