Режиссер Ақан Сатаевтың «Томирис» фильмінде патшайымның рөлін сомдап, көрерменге кеңінен танылған актриса әрі коуч-бағдарлаушы Альмира Тұрсын Instagram парақшасында қуанышты жаңалығымен бөлісті. Кино жұлдызы араға 12 жыл салып екінші мәрте ана атанбақ. Ерекше фотосессия жасап, арнайы контенті әзірлеген Альмира бұған дейін жеке өмірін барынша құпия ұстайтын. Десе де, мұндай ақпаратты жасырып қалғым келмеді дейді Тұрсын-тегі. Сценарист ретінде де танымал тұлға бұрыннан тұрмыста екенін де мойындады.
«Толқып әрі ерекше қуанышпен бөліскім келеді: 12 жылдан кейін қайтадан ана атануға дайындалып жүрмін! Бұл – мен үшін шексіз бақыт пен Жаратқанның сыйы. Ал қызығушылық танытқан жандарға айтарым — мен бұрыннан тұрмыстамын. Үлкен отбасымызбен, балаларымызбен бірге өмір сүріп келеміз. Толығырақ айтпай-ақ қояйын, себебі «бақыт – тыныштықты сүйеді» дегенге сенемін», – деп жазды актриса.