Алдағы апта қарбалас күндерге, күтпеген оқиғалар мен жаңа мүмкіндіктерге толы болмақ. Біреулер маңызды шешім қабылдаса, енді біреулер өмір салтын қайта қарауға мәжбүр болады. Не нәрсеге дайын болу керектігін жорамалдан біліп алыңыз.
Тоқты
Алдағы уақытта өзгелердің көмегіне сенудің қажеті жоқ. Сіздің күшіңіз — дербестік пен батылдықта. Бастама көтеріп, жауапкершілікті өз мойныңызға алыңыз, өзгелерді соңынан ертуден қорықпаңыз. Дәл уақытында өзіңізді көрсетуге мүмкіндік туады — сол сәтті пайдаланып, сенім артуға болатынын дәлелдеңіз.
Торпақ
Бұл кезең отбасылық істер мен жақындарыңызбен жылы қарым-қатынас үшін өте қолайлы. Үй шаруасы бұрынғыдан да қуаныш сыйлап, туыстармен арадағы байланыс нығая түседі. Отбасыға қатысты жағымды жаңалықтар болуы мүмкін. Ал бойдақ жандар үшін жұлдыздар күтпеген романтикалық таныстықты меңзейді. Ол серуендеу кезінде немесе табиғат аясындағы сапарда орын алуы ықтимал.
Егіздер
Сіз өміріңіздегі оң өзгерістердің табалдырығында тұрсыз. Оқиғалардың өздігінен өрбуін күтпей, белсенділік танытыңыз. Бұл — тәжірибе жасауға таптырмас уақыт: жаңа хобби бастаңыз, тіл үйреніңіз немесе шағын саяхатқа шығыңыз. Алға жасалған әрбір қадам шабыт сыйлайды.
Шаян
Жұлдыздар қаржы мәселесіне саналырақ қарауды талап етеді. Кенет шығындар мен күмәнді табыс уәделерінен аулақ болыңыз. Қазір тек өз еңбегіңіз бен күшіңізге сену маңызды. Мұндай көзқарас материалдық жағдайды нығайтып қана қоймай, өзіңізге деген сенімді арттырады.
Арыстан
Сіз ұзақ уақыт бойы қашқақтап жүрген ашық әңгіме жақындап келеді. Серіктесіңізге сіздің қатысуыңыз бен эмоционалдық қолдауыңыз қажет. Егер қарым-қатынас сіз үшін маңызды болса, менмендікті бір сәтке ысырып қойып, қамқорлық танытыңыз. Ал бойдақ арыстандарға назарды жұмыс пен кәсіби дамуға бұру ұсынылады — ұзақ мерзімді мақсаттар мен болашақ өсімді ойластыратын кез келді.
Бикеш
Алдағы күндері қарым-қатынаста өткір қадамдардан аулақ болған жөн. Бұл оңай болмайды, себебі тәртіпке және жоғары талаптарға ұмтылысыңыз шиеленіс тудыруы мүмкін. Дегенмен, айналаңыздағы адамдар сіздің өлшемдеріңізге сай болуға міндетті емес екенін ұмытпаңыз. Сондай-ақ жұмыс пен жеке өмір арасында уақытты дұрыс бөліңіз — бәріне бірдей үлгеремін деу шамадан тыс шаршауға әкелуі мүмкін.
Таразы
Сіздің жұмсақ мінезіңіз бен жанашырлығыңыз қазір ерекше байқалады, алайда кейбіреулер мұны өз пайдасына жаратуы мүмкін. Жақсылық жасау — құптарлық, бірақ жеке шекараңызды сақтауды ұмытпаңыз. Айтпақшы, жаңа жобалар мен бастамаларды кейінге қалдырған дұрыс.
Сарышаян
Айналаңыздағы адамдармен мүмкіндігінше анық әрі ашық сөйлесуге тырысыңыз, тек өз пікіріңізді қорғап қана қоймай, өзгенің де сөзін тыңдаңыз. Түсінбеушіліктер мен даулар болуы мүмкін, алайда олар ұзаққа созылмайды. Ішкі күйзелістен арылудың ең жақсы жолы — жұмысқа және сүйікті істерге көңіл бөлу.
Мерген
Апталық жорамал тыныш әрі бірқалыпты өмір ырғағын болжайды. Айрықша оқиғалар күтілмегенімен, жақын адаммен кешкі ас үстіндегі жылы әңгіме жаныңызды жадыратады. Ол серіктесіңіз, досыңыз немесе рухани жақын жан болуы мүмкін.
Тауешкі
Бұл кезең тұрақты әрі өнімді өтпек. Ұйымшылдығыңыз бен жауапкершілік ала білу қабілетіңіздің арқасында өз позицияңызды нығайта аласыз. Жүктеме ауыр болуы мүмкін, бірақ дәл сол еңбек болашақ жетістіктердің негізін қалайды.
Суқұйғыш
Сіз күш-қуаттың артып, шабыттың оянғанын сезінесіз, оған айналадағы оқиғалар әсер етеді. Апта шығармашылыққа, өзін-өзі көрсетуге және батыл идеяларға қолайлы. Жаңашылдықтан қорықпаңыз — күтпеген бұрылыстар сіздің пайдаңызға шешілуі мүмкін.
Балықтар
Алда қарбалас жұмыс кезеңі күтіп тұр: ұсыныстар бірінен соң бірі түседі, сол себепті болашағы бар мүмкіндіктерді жіберіп алмау маңызды. Қазір демалғыңыз келсе де, белсенділік нақты қаржылық пайда әкеледі. Қосымша жағымды жаңалық — көптен күткен сапарға шығу мүмкіндігі.
Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан.