1 күнде 100 миллион: «Дәстүр: Теріс бата» кинонарықта рекорд жаңартты
Фото. Tartaria Films

1 күнде 100 миллион: «Дәстүр: Теріс бата» кинонарықта рекорд жаңартты

Гүлдана Мұқан
29 декабря 2025

Қуаныш Бейсектің продюсерлігімен, Алишер Утевтің режиссерлығымен түсірілген «Дәстүр: Теріс бата» фильмі отандық кинонарықта бұрын-соңды болмаған рекорд орнатты. Хоррор жанрындағы туынды прокатқа шыққан алғашқы күннің өзінде 100 миллион теңге табыс жинап, көрерменнің зор қызығушылығын дәлелдеді.

Бұл картина — екі жыл бұрын үлкен резонанс тудырған «Дәстүр» фильмінің жалғасы. Қатты бәсекелестікке қарамастан, жаңа бөлім прокаттағы көшбасшылардың өзін артта қалдырып отыр. Атап айтқанда, ұзақ уақыт бойы табыс көрсеткішімен алдыңғы орыннан түспей келе жатқан Джеймс Кэмеронның «Аватар» франшизасын, сондай-ақ Нұрлан Қоянбаевтың «Qazaq әлемі 2» фильмін алғашқы күнгі кассалық табыс бойынша шаң қаптырды.

Салыстырар болсақ, «Qazaq әлемі 2» прокаттың алғашқы күнінде 17 миллион теңге, ал «Аватар: От пен күл» фильмі 57 миллион теңге жинаған. Ал «Дәстүр: Теріс бата» бұл көрсеткіштерден бірнеше есе жоғары нәтиже көрсетіп, отандық кино индустриясының әлеуетін айқын көрсетті.


Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше