Кино және театр актері Ермек Шынболатов қуанышты жаңалығымен бөлісті! Сері Instagram парақшасында алғаш рет әке атанатынын мәлімдеді. Қазақ киноиндустриясында үлкен резонанс тудырған «Дәстүр» хорроры арқылы танылған актер жұбайы Гүлбала Әленмен әсерлі фотосессия жасаған. Болашақ жас ата-ана кантри стилін таңдап, табиғат аясындағы романтикалық демалысын көрерменмен бөлісті. Ғашықтардың серуендеп жүрген сәттерінен әдемі кадрлар ұсынылған.
Еске салсақ, Ермек пен Гүлбала былтыр күзде шаңырақ көтерген болатын. Әзірге сәбидің ұл немесе қыз болатыны белгісіз. Дегенмен, суреттерден болашақ ананың айы-күні жақындап қалғаны байқалады.
Автор. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото. Instagram @ermek_shinbolatovv