Дизайнер, косметика брендтерінің негізін қалаушы және Spice Girls тобының бесінші мүшесі – Виктория Бекхэм туралы білу үшін, 90-жылдары өсудің қажет жоқ.
Әлемге әйгілі топтың әр қатысушысының даралығын айқындайтын - олардың сәнді образдары. Бекхэмнің айтуынша, ол әрқашан макияжға ерекше қызығушылықпен қараған. «Сұлулық — менің шынайы құмарлығым және мұның барлығы Spice Girls тобы кезінен басталды», — дейді ол BAZAAR.com-ға берген сұхбатында. «Маған макияж орындығында отырып, түрлі кеңестер мен лайфхактар тыңдап, өз талғамымды іздеу процессі қатты ұнайтын».
Фото: Instagram @spicegirls
Көптеген гламур сессиялар, табысты сән бренді мен мінсіз боб-шаш үлгілері Бекхэмді сән әлемінен сұлулық индустриясына алып келді. Бұл өнер иесінің сахнадан мәңгілікке кеткеннен кейінгі қадамы еді. Уақыт өте келе дизайнер Augustinus Bader сүйікті брендімен бірлесіп, тері күтіміне арналған жеке өнім желісін ұсынды. «Мен алғашында екі шағын сериядан тұратын капсульді топтамамен бастадым, кейін өз брендімді толық құруға бел будым», — дейді Виктория. «Мен косметичкамда жоқ, бірақ күнделікті қолданғым келетін өнімдер жасағым келді».
Тұрақты қолдануға арналған өнімдерге ден қойған Бекхэм жақында Victoria Beckham Beauty аясында өзінің алғашқы көзге арналған тұрақты крем теньдерін шығарды. «Мен армандаған косметика желісін жасай бастағанда, брендімнің нақты бағыты болды: таза құрам, тұрақты даму, қауіпсіздік және жоғары тиімділік», — деп түсіндіреді медиа тұлға. «Мен сұлулық стандарттарына қарсы тұра алатын әрі оларды жаңа деңгейге көтеретін өнімдер жасағым келді. Мансабым барысында көптеген талантты визажистермен және сұлулық мамандарымен жұмыс істегенім — менің көзқарасымды қалыптастыруға үлкен әсер етті». Қазір Виктория Бекхэмнің өнімдері Bergdorf Goodman, Violet Grey және Net-A-Porter сынды әйгілі дүкендерде сатылуда — бұл оның жанкүйерлері мен бьюти-әуесқойлары үшін үлкен қуаныш.
BAZAAR.com Виктория Бекхэмнен өзін қалай қайта қуаттандырып, үйлесім табатынын сұрады. Жылы ванна, таңғы жаттығулар мен баяу релаксация — сұлулыққа деген көзқарасын төменнен оқып біліңіз.
Сіз ваннаға немесе душқа арналған қандай өнімдерді қолданасыз?
Мен жылы ваннаны жақсы көремін, әсіресе телефоным тынымсыз шырылдап жататын күндері. Күні бойғы қарбаластан кейін жақсылап демалу үшін ағылшын тұзын қолданғанды ұнатамын. Ваннадан соң дымқыл теріге Osea Undaria су өсімдіктерінен жасалған майды жағамын.
Қазір сіздің сүйікті антисептик, сабын немесе креміңіз бар ма?
Мен Weleda Skin Food кремін жақсы көремін — оны таңертең және кешке қолданамын.
Zoom-да өткізілген ұзақ кездесулерден кейінгі шаршауды жою үшін қандай бьюти-құралдарды жиі қолданасыз?
Мен тері күтіміне өте байыппен қараймын. Көп жылдар бойы тері проблемаларымен күрестім, сондықтан оны таза және сау ұстау — мен үшін басты міндет. Таңертең және кешке мен Augustinus Bader-дің тазартушы бальзамымен бетімді жуып, артынан Victoria Beckham by Augustinus Bader Cell Rejuvenating Power Serum сарысуын, одан кейін Cell Rejuvenating Priming Moisturizer ылғалдандырғышын қолданамын. Бұл өнімдерді профессор Бадермен бірге жасау мен үшін үлкен құрмет болды, әсіресе оның өнімдерінен кейін терімде бірден байқалған нәтижелерден кейін.
Сонымен қатар, мен Instant Brightening Waterline Pencil қарындашын жағамын — ол көздің ішкі сызығына өте жақсы сәйкеседі, мені сергек әрі жинақы етіп көрсетеді. Ерін үшін Posh Gloss блесін Poolside реңінде жағып, жылдам әрі жеңіл макияж жасаймын.
Әрқашан тынығу үшін хош иісті шам немесе аромапалочка жағып көрдіңіз бе? Егер иә болса, қандай өнімдерді таңдадыңыз?
Мен хош иісті шамдарды қатты жақсы көремін, әсіресе Diptyque Figuier — мен олармен өзімді барлық жерде қоршауға тырысамын: үйде де, кеңседе де, тіпті Довер-Стриттегі дүкенімде де!
Бүгін соңғы қолданған косметикалық өніміңіз қандай болды?
Мен әрқашан бьюти-ритуалымды Posh Gloss блесімен аяқтаймын, тіпті дәл қазір де оны қайта жақтым! Бұл блеск тамаша ылғалдандырады және сәнді жылтырмен жеңіл тон беретін өнім ретінде де жұмыс істейді. Менде бірнеше реңк бар, оларды күннің оқиғасына, жыл мезгіліне және көңіл күйіме байланысты алмастырып отырамын. Ең жиі қолданатыным — Poolside — бейтарап қызғылт реңк, оны жалғыз да, ерінге арналған 02-нөмірлі құралымның үстінен де қолданамын. Ал егер барынша табиғи, минималистік бейнеге ұмтылсам, Ice — менің таңдаум. Бұл — кристалдай таза жылтыр. Оның формуласында еріннің терісін қалпына келтіретін және ылғалдандырып, қорғаныс қабатын нығайтатын белсенді компоненттер бар.
Сізге батыл макияж ұнай ма, мүлде макияжсыз келбет пе, әлде “макияжсыз макияж” сияқты табиғи бейне ме және неге?
Өткенде мен бұл стильдердің барлығын сынап көрдім, сондықтан маған тән бір ғана бағыт жоқ. Қазіргі таңда мен осы үшеуінің ортасындамын десем болады. Мен терінің табиғи жылтырап тұрғанын ұнатамын, сондықтан тоналды кремнің орнына Cell Rejuvenating Primer Moisturizer атты ылғалдандырғышты Golden реңкімен қолданамын — ол мінсіз жарқырау сыйлайды. Артынша Cheeky Posh крем румянасы мен Reflect Highlighter Stick маркерін бет сүйектерімнің үстіне жағып, саусақтарыммен жайлап таратып шығамын — әйнектей жарқырау эффектісі үшін.
Мен көбіне көзге акцент жасағанды жақсы көремін — “смоки-айс” — менің басты стилім, және мен оның түсі мен финишіне қарай жиі ойнаймын. Қазір мен EyeWear Shadow Sticks кремді текстуралы көз бояуларын қолданып жүрмін — оларды жайып үлгеруге жеткілікті уақыт бар. Базалық түс ретінде Trench, көлеңке мен контур үшін Pecan, ал кірпіктер сызығын анықтау үшін Bottle Green қолданамын. Бұл реңктердің барлығы менің сән топтамаларымнан шабыттанған. Мен киім гардеробын да осылай құрамын: негіз ретінде бейтарап реңктер, ал мезгілге сай жарқын бояулар қосамын. Соңында Future Lash Mascara тушін бірнеше қабат етіп жағамын.
Егер жеңіл, күнделікті макияж керек болса, мен ерінге Bitten Lip Tint тинтін жағып, үстінен Ice реңкті Posh Gloss қолданамын — еріндер толық әрі ылғалды көрінеді. Ал көбірек түс керек болса, мен Posh Lipstick далабын Twist немесе Spice реңктерінде қолданғанды ұнатамын.
Соңғы рет қандай фитнеспен айналыстыңыз? Оффлайн немесе онлайн?
Күнімді бастамас бұрын таңертеңгі жаттығу менің әдетіме айналған. Жақында мен күш жаттығуларын енгізе бастадым — бұл менің фитнес-режимімді түрлендірудің жақсы тәсілі болды. Ал уақыт аз болса, мен Bala Bangles білезік пен сираққа арналған утяжелительдер киіп жаттығамын — аз уақыт ішінде жақсы нәтижеге қол жеткізуге көмектеседі.
Біздің оқырмандарға қандай self-care кеңесін берер едіңіз?
Ұйқыға қатысты пайдалы әдет қалыптастыру — өзін-өзі күту жолындағы маңызды қадам. Мен экран алдында уақытты азайтуға тырысамын және ұйқы алдында телефонымды алыстатамын. Сондай-ақ, өз кеңістігімді тазарту үшін тумбочкама кристалдар қойып, тыныштық орнатуға тырысамын.
Harper’s BAZAAR ұсынған материалдың түпнұсқасын мына сілтеме арқылы оқи аласыз.
Автор. Тиффани Додсон. Аударған. Гүлдана Мұқан. Фото. Предоставлены пресс-офисами марок.