Әр адам өмірінде кем дегенде бір рет болсын өзінің келте тұстары жайында ойланған болар, мойындағымыз келмейтін бірақ бәрібір ішімізде өмір сүріп жатқан мінез-құлық туралы. Астрология әдетте біздегі жақсы, ашық қасиеттерге көп назар аударады: күшті жақтарымызға, қалай ғашық болатынымызға, сәтті табысқа жету жолымызға. Бірақ тереңірек үңілсек ше — әлдебір көне архетиптердің сыбыры естілетін тұңғиыққа? Мүмкін, әрқайсымыздың ішімізде зұлым мақұлық емес, ең жойқын құмарлығымыздың аллегориясы ретінде жын жасырынып жатқан болар? Белгіңізге сай жынды танысаңыз, сол әлсіздіктен арыла алуыңыз мүмкін.
Торпақ, Арыстан және Суқұйғыш
Люцифер - аластатылған періште, өз кезінде ең көркем әрі жарқын, өзінің сұлулығына мас болып, Құдаймен тең болғысы келген. Бұл белгілердің өкілдері де осы ұшқынға иелік етеді. Олар ерекшелікті, мойындалуды қалайды, бірақ кейде шектен шығып кетеді.
Егіздер мен Бикеш
Вельзевул - шыбындар әміршісі, ұсақ ойлар мен уытты пікірлердің символы. Егіздер көбіне өзгенің өзі де дамыта алатын, бірақ тереңінен кіріспеген қабілеттеріне қызыға қарайды. Бикештер мысалы өте сезімтал бақылаушылар және сыншылар. Егер біреу басқа істі жақсырақ орындаса, олар оны іштей өздеріне қатты қабылдайды. Себебі, ол жанның орнында өзі де бола алатын еді ғой.
Тоқты мен Мерген
Шайтан - бүлік шығарушы, жолындағы қарсы шыққанның бәрін өртеп, төңкеруге даяр. Оның отыны, азығы - ашу. Тоқтының сипаты - қызуғандылық, эмоциясын тежей алмай, ашуға ерік беруінде. Мергенге келер болсақ, әділетсіздікке немесе сенімге қарсы шыққандарға жауап қайтарады, текке ашуланбайды, бірақ олай болған жағдайда тоқтату қиынға соғады.
Балық
Абаддон - тұңғиық иесі, ұмыт қалу мен босқындықтың символы. Ең жұмбақ белгі саналатын ол - армандауға, шындықтан қашуға бейім. Ішкі дауысы: «Не үшін күресу керек? Бәрін құр босқа жібер, ұстама» деп сыбырлайды. Солайша адамды ерік-жігерінен айырып, мақсатсыздықтың тереңіне батырады.
Тауешкі
Маммон - ашкөз рух, байлыққа, билік пен бақылауға деген құштарлықтың бейнесі. Ол қауіпсіздік тек есепшоттағы санда, жетістікте, мәртебеде деп сыбырлайды. Тауешкі - еңбекқор, тәртіпті және биіктер адамға оңай келмейтінін жақсы түсінеді. Бірақ оның көлеңкесінде үнемі осы демон тұрады: ол тек табысқа ұмтылуды ғана емес, бар нәрсені - ақша, мәртебе, бақылауды соңғы күшімен болса да ұстап қалуға итермелейді.
Шаян
Бельфегор - рахатқа, еріншектікке, тән құмарлығына және тәтті апатияға тартып тұратын жын. Шаян - ең сезімтал, үйдің аурасына жақын зодиак белгісі, және арбауға оңай түсіп қалады. Мұндай жорамалды арулар жалғыздық пен алаңдаушылықты сезінгенде, өз-өздерін тамақпен, жайлылықпен, таныс әдеттермен жұбатады. Осылайша олар күш жұмсауды қажет етпейтін ыңғайлы аймаққа үйреніп, одан шыға алмай қалуы мүмкін.
Таразы мен Сарышаян
Асмодей - құмарлық, азғыру, жойқын жыныстық энергия жыны. Ол махаббат жайлы емес, ниеттерге үстемдік жүргізу жайында. Таразы мен Сарышаян оны өз өмірлеріне әртүрлі жолмен кіргізеді, бірақ екеуі де бірдей жеңілдікпен жолдарын аша алады.
Автор. Жанель Муканова. Аударған. Қорлан Тұрсынбекова.