Мамыр айына арналған жұлдыз-жорамал: өзгерістер, тәуекелге бел буу және бұрынғы ғашығыңыздың қайта оралуы
Фото. Дауир Жомарт.

Мамыр айына арналған жұлдыз-жорамал: өзгерістер, тәуекелге бел буу және бұрынғы ғашығыңыздың қайта оралуы

Гүлдана Мұқан
30 апреля 2025

2025 жылдың мамыр айы — гүлдеген мамыргүл (сирень) мен бұлттарды бақылап, тыныштыққа бөленетін мезгіл емес. Бұл айда шынайы өмір есігіңізді қағып: «Сен қайда бара жатырсың?» деп сұрайды. Жұлдыздар күтпеген оқиғалар мен ішкі жаңғыруларды, тіпті әлдеқашан ұмытылған адамдардан «қалайсың?» деген хабарламаларды дайындап қойған. Кімді не күтіп тұрғанын мамыр айының жұлдыз-жорамалынан біле аласыз.

Тоқты

Ай бойы өзіңізге: «Маған шынымен айналысып жүрген ісім ұнай ма?» деген сұрақты жиі қоясыз. Бұл – көктемгі күйзеліс емес, керісінше, ауқымды бір нәрсенің бастауы. Сол себепті, дәл қазір өзгерістер өте орынды болмақ.

Торпақ

Шаршау мен қажу сезімі пайда болуы мүмкін. Барлық істі кейінге шегергіңіз келетін кездер болады. Десе де бұл жалқаулық емес. Жаңа кезеңнің басталар шағы жақындап келеді деген сөз. Сондықтан жақсылап дем алып, күш жинап алыңыз. Сізд алда — тек жақсылық күтіп тұр.

Егіздер

Мамыр айында өз ортаңызды қайта қарауға кеңес беріледі. Кейбір адамдармен қоштасу, ал енді біреулермен жақын болу уақыты келді. Мүмкін, достықтан да артық бір байланыс пайда болатын шығар? Тәуекелге бел буыңыз!

Мамыр айына арналған жұлдыз-жорамал: өзгерістер, тәуекелге бел буу және бұрынғы ғашығыңыздың қайта оралуы
Фото. Дауир Жомарт.

Шаян

Бұл айда өзіңіздің метафоралық “қабығыңызда” тығылып отыруға мүмкіндік болмайды. Қорқыныштарыңызға тура қарап, өзіңізді әлемге танытатын сәт келді — батыл, айқын және сенімді түрде.

Арыстан

Кенеттен қабылданған шешімдерден аулақ болыңыз, бірақ тәуекелден де қорықпаңыз. Әр әрекетіңізді алдын ала жоспарлап алыңыз. Қазір мүмкін емес көрінетін нәрсе, шын мәнінде, сіздің қолыңыздан келуі мүмкін. Сізге бәрі қолжетімді!

Бикеш

Сіз өзіңізге толықтай адал емессіз бе? Өз уақытыңызды сізге еш ләззат сыйламайтын адамдарға жұмсауды доғарыңыз. Ескіге жармасудың қажеті жоқ, әсіресе егер оны ешкім сұрамаса.

Мамыр айына арналған жұлдыз-жорамал: өзгерістер, тәуекелге бел буу және бұрынғы ғашығыңыздың қайта оралуы
Фото. Дауир Жомарт.

Таразы

Барлық құпия ерте ме, кеш пе әшкере болады. Дәл осы мамырда сол «ақиқаттың сәті» келіп тұр. Бұған дейін сіз үшін әділеттілік пен сенімділік символы болған адам туралы жағымсыз шындық ашылуы мүмкін. Немесе әріптестер мен таныстардың шынайы ниетін танисыз.

Сарышаян

Құрбандық жасау уақыты келді. Яғни, сізді артқа тартып жүрген қандай да бір материалдық не рухани нәрседен арылыңыз. Бұл — зиянды әдет, қажетсіз заттар немесе тіпті ішкі сенім болуы мүмкін. Мұның бәрі сіздің энергияңызды сорып келген.

Мерген

Әйел заты әлемді жаулап алуға қабілетті. Ал дәл сондай қуатты бейнеге айналу мүмкіндігі сізде бар. Бірақ бұл кезеңде бұрынғы серіктестердің қайта оралуына дайын болыңыз. Сіз бұрынғы, тіпті болашақта мүмкін болатын махаббаттарды өзіңізге тартасыз.

Мамыр айына арналған жұлдыз-жорамал: өзгерістер, тәуекелге бел буу және бұрынғы ғашығыңыздың қайта оралуы
Фото. Дауир Жомарт.

Тауешкі

Үйіңіз жылы әрі жайлы болғанымен, енді жайлылық аймағынан шығатын кез келді. Жалғыз сапарға шығу не басқа қалаға көшу туралы не дейсіз? Жұлдыздар мұндай өзгеріс сізді жаңа деңгейге шығарады дейді.

Суқұйғыш

Сіздің даусыңыз — қару. Ойыңызды нақты жеткізу арқылы сіз инвесторларды сендіре аласыз, әріптестердің құрметіне бөленіп, тіпті жанкүйерлер назарын аударасыз. Алайда тым өткір сөздерден сақ болыңыз — бұл дұшпандарға себеп болуы мүмкін.

Балықтар

Айналаңыздағы адамдардың пікірі — маңызды. Бірақ ол пікірге тәуелді бола бастасаңыз, ішкі ойларыңызбен жұмыс істеуге немесе арнайы маман көмегіне жүгінуге тура келеді. Себебі бұл — тереңде жатқан психологиялық себептердің белгісі.


Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан 

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше