Көп адам жыл қорытындысын әдемі әрі нәтижелі аяқтағысы келеді, алайда бұл жолы жұлдыздар өз түзетулерін енгізбек. Жағдайлар әп-сәтте өзгеруі мүмкін: біреулерді кенеттен апатия басып, үлкен жоспарларға тосқауыл қоюы ықтимал, ал енді біреулер мерекелік қарбаласқа беріліп, өз еркімен уайым-қайғысын арттырады. Осындай бейберекет кезеңде адаспай, аптаны барынша пайдалы өткізуге бола ма? Бұл сұрақтарға апталық жұлдыз-жорамал жауап бермек.
Тоқты
Тоқтылар барлық істі бірден бітіріп тастауға тырысатындардың қатарынан табылады. Алайда сіз өзіңізге сәл баяулау керегін уәде етпеп пе едіңіз? Жақындарыңыз да сіздің назарыңызды күтіп жүрген жоқ па? Қазір басымдықтарды қайта қараудың таптырмас уақыты. Негізгі шаруаларды сәрсенбіге дейін аяқтауға тырысыңыз, ал бейсенбіден бастап демалыс режиміне еркін өте беріңіз — жұлдыздар мұны қолдайды.
Торпақ
Торпақтарды кенеттен ауқымды бастамаларға деген құлшыныс билеуі мүмкін: жаңа жоба, жөндеу жұмыстары немесе түбегейлі өзгерістер. Қуатыңыз жеткілікті, бірақ сырттан қолдау аз болуы ықтимал, ал онсыз алға жылжу қиын. Сондықтан батыл идеяларды келесі жылға қалдырып, қазір өзіңізге де, айналаңызға да тыныс алуға мүмкіндік берген дұрыс.
Егіздер
Қызығы сол, дәл Егіздер көп мәселені соңғы сәтте сәтті шеше алады. Кездесулерді батыл жоспарлап, қосымша жұмысқа келісіп, ұсыныстарды болашақ тұрғысынан қарастырыңыз. Тек бір тыйым бар — маңызды құжаттарға қол қою, соның ішінде неке немесе ажырасуға қатысты шешімдер. Жаңа жылда көп нәрсе өзгеруі мүмкін.
Шаян
Шаяндарға жұлдыздар үйде тығылып қалмауға кеңес береді. Өміріңізде жылы әрі жағымды қарым-қатынас неғұрлым көп болса, мерекелік көңіл күй де соғұрлым арта түседі. Ескі достармен кездесу, кенеттен киноға бару немесе кездесу күтпеген әсер сыйлауы мүмкін. Тіпті Жаңа жыл түні махаббат өміріңізге тосыннан әрі жарқын түрде енуі ғажап емес.
Арыстан
Арыстандар мерекелік көңіл күйде болмауы мүмкін — ойларыңыз аяқталмаған істермен әлек, ал оларды жыл соңына дейін бітіру оңай емес. Шешімі қарапайым, бірақ сізге үйреншікті емес: міндеттерді бөлісіңіз. Тәкаппарлықты шетке ысырып, жақындарыңыздан көмек сұраңыз — қолдау күткеніңізден де мол болады.
Бикеш
Бикештер өздерін сенімсіз сезінуі мүмкін: ретроградты Меркурий бағытты шатастырып, интуиция мен иллюзияны ажырату қиындайды. Мұндай кезеңде қаржыда да, жеке өмірде де адал емес адамдарға тап болу қаупі артады. Қазір ең дұрысы — үзіліс жасау: жақсылап ұйықтау, зиянды әдеттерді азайту және өзіңізге «қайта жүктеу» ұйымдастыру. Сергіген сана бәрін орнына қояды.
Таразы
Таразылар кенеттен бәрін түбегейлі өзгерткісі келуі мүмкін: көшуден бастап қарым-қатынас немесе мүлікке қатысты тағдырлы шешімдерге дейін. Мұның себебі — ішкі эмоциялық аштық, жарқын сезімдердің жетіспеуі. Алайда жұлдыздар асығыс шешім қабылдамауға кеңес береді. Бұл кезеңді тек өткеріп, күрт қадам жасамаған жөн. Энергияңызды спортқа, дене күтіміне немесе пайдалы әрі дәмді тағамға бағыттаңыз — бұл тұрақтануға көмектеседі.
Сарышаян
Сарышаяндарға белсенді әлеуметтік өмір мен у-шу компаниялардан біртіндеп алыстап, назарды үй мен отбасыға бұру уақыты келді. Қазір сіз үшін жақындардың қолдауын сезіну аса маңызды. Бұл қалауға қарсыласпаңыз — Жаңа жылды туған-туыспен қарсы алу сіз үшін ең дұрыс шешім болады.
Мерген
Апталық жұлдыз жорамалы Мергендерге күтпегендей тыныш күндерді болжайды. Жұмыстан, сыртқы қысымнан алыстап, қарқынды бәсеңдетіп, еркін тыныстағыңыз келеді. Ең қызығы — мұндай «қарбаластан қашу» сізге ұнайды. Ең бастысы — үдерістерді алдын ала реттеп, үнемі бақылауды қажет етпейтіндей ету.
Тауешкі
Тауешкілер өздерін танымай қалуы мүмкін: себепсіз қызғаныш пен реніш пайда болады. Бұл тек серіктестерге ғана емес, сізге жеткілікті көңіл бөлмеді деп ойлаған достарыңызға да әсер етеді. Бұл — эмоциялық шаршаудың айқын белгісі. Ең дұрыс шешім — аптаның ортасында-ақ жоспардан тыс демалыс алып, әрі тәнді, әрі ойды қалпына келтіру.
Суқұйғыш
Суқұйғыштарда энергияның айқын артуы байқалады: күш жеке істерге де, өзгелерге қолдау көрсетуге де жетеді. Дегенмен шектен шықпау маңызды — басқалардың барлық мәселесін өз мойныңызға іліп алмаңыз. Көмекті кеңес пен бағыт-бағдар беру арқылы көрсеткен жөн.
Балықтар
Балықтарға жалқаулықты батыл жеңу керек, әйтпесе қосымша табыс немесе өзіңізді көрсету мүмкіндігі секілді сәтті шанстарды жіберіп алуыңыз мүмкін. Апталық жұлдыз жорамалы болашақ үшін еңбек етіп, толыққанды демалысты да ұмытпауға кеңес береді — бұл Жаңа жыл алдындағы жеңіл әрі көтеріңкі көңіл күйді сақтауға көмектеседі.
Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан.