«Жұлдыздар танымалдыққа дейін және қазір…» Санжар Мәди бала кезіндегі ескі фотосуретін көрсетті
Фото. Кейіпкердің жеке мұрағатынан.

«Жұлдыздар танымалдыққа дейін және қазір…» Санжар Мәди бала кезіндегі ескі фотосуретін көрсетті

Гүлдана Мұқан
25 ноября 2025

Жұлдыздардың танымалдыққа дейінгі өмірі әрдайым қызық, әсіресе медиа тұлғалардың жанкүйерлері үшін. Фанаттар кумирлерінің өнер жолына қалай келгенін білуге құмар. Harper’s BAZAAR Kazakhstan шоу-бизнес өкілдерінің жастық шағына шолу жасап, олардың бүгінгі күнге дейінгі өзгерісін көрсетпек. «Жұлдыздар танымалдыққа дейін және қазір…» немесе «До и после» айдарының жаңа кейіпкері – актер, продюсер, Oina актерлік студиясының негізін қалаушы Санжар Мәди.

Санжар Мәди – отандық киноиндустриясында ойып тұрып орын алатын актер. Сондай-ақ ерлер арасында талантымен ғана емес сымбатымен де ерекшеленетін тұлға.

Санжар Мәди шығармашылық ортада өскен: анасы — ұстаз, ал әкесі — жазушы. Мектеп кезінен-ақ Санжар өнерге бейім болған. Мәселен, ән айтқан, мектептегі вокал тобына қатысқан, брейк-данс билеп пен спортпен де айналысқан.

Актердің бэкграунды да осал емес. Алғашында экономика саласында білім алған киногер Қазақ ұлттық университетінің экономика факультетінде оқып, тіпті магистр дәрежесін қорғаған. Десе де, Санжардың өнерге деген құштарлығы басым болып, кейін Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына театралдық курсқа түскен. Сонымен қатар АҚШ-тағы New York Film Academy-да режиссура және актёрлік шеберлігі бойынша білім алған.

Отандық қана емес жаһандық кинематографияны да бағындырған Санжар Мәдидің бұл салада жүргеніне 15 жылдан асты. Бүгінде ол актер ғана емес, өнер мектебінің негізін қалап, шәкірт тәрбиелеп отыр. Сондай-ақ, продюсерлікпен айналысып, театр саласында да өзінің бағын сынаған.


Фото. Кейіпкердің жеке мұрағатынан.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше