«Жұлдыздар: танымалдыққа дейін және қазір…» Сабина Мовлаева жас кезіндегі ескі фотосуретін көрсетті
Фото. Instagram @sss.sabina

«Жұлдыздар: танымалдыққа дейін және қазір…» Сабина Мовлаева жас кезіндегі ескі фотосуретін көрсетті

Гүлдана Мұқан
29 сентября 2025

Жұлдыздардың танымалдыққа дейінгі өмірі әрдайым қызық, әсіресе медиа тұлғалардың жанкүйерлері үшін. Фанаттар кумирлерінің өнер жолына қалай келгенін білуге құмар. Harper’s BAZAAR Kazakhstan шоу-бизнес өкілдерінің жастық шағына шолу жасап, олардың бүгінгі күнге дейінгі өзгерісін көрсетпек. «Жұлдыздар: танымалдыққа дейін және қазір…» немесе «До и после» айдарының кезекті кейіпкері – блогер, инфлюенсер және актриса Сабина Мовлаева.

SSS Sabina немесе Сабина Мовлаева, еңбекқорлығымен ерекшеленетін жан. Әлеуметтік желілерде ауқымды аудиториясы бар блогер өнер жолын бала күнінен бастаған. Көпшілік оны инфлюенсер ретінде танығанымен, Сабина мансабын әрқашан әншілікпен байланыстырады. Сахнада ән айтып, би билеп өскен талантты ару бір кезеңде отандық girls-band құрамында да өнер көрсеткен.

Өнерге ғашық Сабина влог жүргізіп, желіде белсенді болғанымен, басты арманы – әнші әрі актриса ретінде шыңдалу. Соңғы жылдары ол үлкен экраннан да жиі көрініп жүр: «Малай», «Заманback» толықметрлі фильмдерінде және «Бажа 2» веб-сериалында бой көрсетті.

2025 жылдың көктемінде Халықаралық Канн кинофестиваліне барып, әйгілі актер Том Крузбен жеке танысуы – оның шығармашылық жолындағы жарқын сәттердің бірі. Қазір SSS Sabina әншілік қырын қайта жандандырып, жаңа трек ұсынуға дайындалуда.

Жоғарыда (2007 жылы) таспаланған фотосуретте Сабина оң жағында. Сұлулық пен үйлесімділікті бағалайтын актриса нәзіктігімен де, еңбекқорлығымен де шабыт сыйлайды. Мүсініне ұқыпты қарайтын ол спортзалға жиі барады. Сондықтан да уақыт өтсе де, SSS Sabina әрдайым жарқын әрі өзгермейтін қалпында қала береді.


Фото. Кейіпкердің жеке мұрағатынан.





Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше