Жұлдыздардың танымалдыққа дейінгі өмірі әрдайым қызық, әсіресе медиа тұлғалардың жанкүйерлері үшін. Фанаттар кумирлерінің өнер жолына қалай келгенін білуге құмар. Harper’s BAZAAR Kazakhstan шоу-бизнес өкілдерінің жастық шағына шолу жасап, олардың бүгінгі күнге дейінгі өзгерісін көрсетпек. «Жұлдыздар танымалдыққа дейін және қазір…» немесе «До и после» айдарының кезекті кейіпкері – актер, модель, инфлюенсер Алмаз Мержақыпов.
Алмаз Мержақыпов – медиа саланы бағындырған заманауи жауынгер. Әлемдік
подиумдарда жарқырап жүрген модель, кинотеатрларда көрсетілген фильмдерде бой
көрсететін актер, желіде ауқымды аудитория жинай алған блогер және мыңдаған
тыңдарман бас қосатын музыкалық концерттердің тізгінін ұстайтын жүргізуші. Ол
аздай, Mvsstoi бүгінде Brave Talents медиа компаниясының креативті амбассадоры.
Креатив пен кәсібилікті ұштастыра білген талант өзін бір ғана саламен шектемейді. Өзінің өмірлік ұстанымы мен заманауи көзқарасын трендке айналдыра алған инфлюенсер. Сән, музыка, кино және косплей мәдениетін бір арнаға тоғыстырып, талғампаздықпен жұмыс істейді. Сапалы контент – оның басты қаруы.
Имидж бен стиль Алмаз үшін – еркіндік. Өзін шектемейтін ол эпатажды әрі
батыл образдарымен жиі көзге түседі. Сондай-ақ сән саласында Алмаздың ең ерекше
қасиеттерінің бірі – талғаммен киіну.
Фото. Кейіпкердің жеке мұрағатынан.