«Жұлдыздар танымалдыққа дейін және қазір…» Bota Mia жас кезіндегі ескі фотосуретін көрсетті
Фото. Кейіпкердің жеке мұрағатынан.

«Жұлдыздар танымалдыққа дейін және қазір…» Bota Mia жас кезіндегі ескі фотосуретін көрсетті

Гүлдана Мұқан
05 декабря 2025

Жұлдыздардың даңққа дейінгі өмірі әрдайым қызығушылық тудырады, әсіресе медиа тұлғалардың жанкүйерлері үшін. Олар кумирлерінің өнер жолына қалай бет бұрғанын, қандай өзгерістерден өткенін білгісі келеді. Harper’s BAZAAR Kazakhstan шоу-бизнес өкілдерінің өткеніне шолу жасап, олардың бүгінгі жарқын келбетімен салыстыратын арнайы айдарын жалғастырады. Бұл жолы «Жұлдыздар танымалдыққа дейін және қазір…» немесе «До и после» айдарының кейіпкері — блогер және инфлюенсер Bota Mia лақап атымен танымал Ақбота Нұрахын.

Bota Mia — life-style, fashion және travel бағыттарында контент жасайтын танымал инфлюенсер. Желіде 1,2 миллионнан аса аудитория жинаған Ақбота медиа саласында да белсенділігімен ерекшеленеді.

Өмір салтын, түрлі елге саяхатын, күнделікті мотивациясын бөлісіп отыратын Ақбота Нұрахын бүгінгі таңда ірі іс-шаралар мен сән апталықтарының, соның ішінде Eurasian Fashion Week подиумдарының бренд-амбассадоры атанып, сән әлемінен де өзіндік орын таба білді.

Желідегі белсенділігі мен табиғи харизмасының арқасында Бота жастар үшін нағыз мотиваторға айналды. Фолловерлер үшін ол жай ғана блогер емес — стиль мен өзіндік даралықтың, шығармашылық еркіндіктің символы саналады.

Bota Mia ұсынатын визуалды контент тек заманауи трендтерге сай болуымен емес, сонымен бірге ерекше эстетикасымен, көркемдік ойымен және өзін-өзі көрсету тәсілімен ерекшеленеді. Ол сән мен өмір салтын үйлестіре отырып, аудиториясына жаңа көзқарас пен шабыт сыйлайтын жан. Ал Ақботаның сұлулығына тоқталсақ, ол трендтен қалыс қалмай, мінсіз болуға барынша тырысады.


Фото. Кейіпкердің жеке мұрағатынан.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше