2025 жылмен қоштаса отырып, жақын болашаққа көз жүгіртуді ұмытпаңыз. Біз 2026 жылы сіздерді не күтіп тұрғанын айтып өткен едік, алайда қазір көбірек нақтылау жасағымыз келеді. Жылдың алғашқы айына назар аударайық және баршамызды жақын уақытта не күтіп тұрғанын білейік. Қаңтарға арналған сән жұлдыз жорамалымыз сәттілік, табыс, өзіне деген сенімділік пен трендтер әрдайым «қол астыңда» болуы үшін гардеробтың қай элементтеріне мән беру керегін айтып береді. Барлығын Harper’s BAZAAR Kazakhstan материалынан оқыңыз.
Тоқты
Қазір шешендік қабілетіңіз ерекше қажет болады. Бұл дағды тек жұмыста ғана емес, үйде де көмегін тигізеді. Жақындарыңыз сіздің назарыңызға мұқтаж, ал сіз — олардың қолдауына. Үйде жиі басқосулар мен кешкі ас ұйымдастырып, жылулықты сезініңіз. Сіз көптен бері жайлы костюм іздеп жүрген сияқтысыз. Міне, оған тамаша себеп.
Торпақ
Біреулер демалып жатқанда, Торпақтар тынымсыз еңбек етеді. Иә, ай қарқынды әрі энергияға толы болмақ — қарқыныңызды бәсеңдетпеңіз. Тайм-менеджментке ерекше көңіл бөліп, мақсаттарыңызға назар аударыңыз. Барлығын әдемі күнделікке жазып жүріңіз, ал оны әсерлі жаңа сөмкемен толықтырыңыз. Әрине, жаңасымен.
Егіздер
Қаржылық жоспарлау алдыңғы орынға шығады, сондықтан барлық сатып алулар ойластырылған әрі қажет болуы тиіс. Мысалы, егер сіз көптен бері мінсіз аяқ киім іздеп жүрсеңіз, ол әмбебап әрі практикалық болсын. Мұндай санатқа ешқашан сәннен қалмайтын қара түсті биік етіктер жатады.
Шаян
Шаяндар, сіздер үшін қазір өзгерістерге толы белсенді кезең басталады. Олар өмірдің кез келген саласына — жұмыстан бастап жеке өмірге дейін әсер етуі мүмкін. Шешімдеріңіз асығыс болмас үшін салқынқанды болуға тырысыңыз. Ал егер сезімдерді сыртқа шығарғыңыз келсе, бұрын киюге батылдық жетпеген ерекше көйлек таңдаңыз. Креативке жол беріңіз.
Арыстан
Сіздің тартымдылығыңыз бен харизмаңыз бұрынғыдан да айқын сезіледі. Бұл әріптестерге де, серіктеске де, тіпті әлеуетті бойфрендке де әсер етеді. Барлығы назарда болады. Сонымен қатар саяхатқа шыққыңыз келуі мүмкін, тіпті жылы елдерге. Ал сізде бұл үшін мінсіз купальник бар ма?
Бикеш
Қазір сіз қанша күш салсаңыз, сонша нәтиже аласыз. Бұл өмірдің барлық дерлік саласына қатысты. Жұлдыздар Бикештерге ұсақ-түйекке мұқият болуға кеңес береді. Үйден шығар алдында кранды немесе үтікті бірнеше рет тексеруге ерінбеңіз. Сонымен қатар образдарыңызға да назар аударыңыз. Мүмкін, оларға стильді аксессуарлар жетіспейтін шығар?
Таразы
Таразылар үшін оңай емес кезең басталады: уақыт үнемі жетпей жүргендей сезіледі. Алайда уайымдамаңыз, ай соңына қарай жағдай тұрақталады. Жылдың басында-ақ әлсіреп қалмас үшін work-life balance сақтаңыз. Пилатеске немесе йогаға жазылыңыз. Ал егер бұл жаттығулар көңіліңізден шықпаса, ұзақ серуендер көмектеседі. Жылы күртеше дәл керек болады.
Сарышаян
Жұмыс, іссапарлар мен жол жүру уақытыңыздың бәрін алады. Соның салдарынан екінші жартыңыз назардың жетіспеуіне наразы болуы мүмкін. Кездесулер арқылы ымыра табуға тырысыңыз. Ал бойдақ Сарышаяндарға астрологтар жан-жағына көз тастауды ұсынады — бәлкім, бұл тамаша таныстықтың бастауы болар. Қалай болғанда да, комплименттер жинайтын әдемі образ қажет. Бізде дәл сондай нұсқа бар.
Мерген
Қаңтарға арналған сән жұлдыз жорамалы айтып отыр: қазір — жоспар құруға таптырмас уақыт. Нақты мақсаттар қойып, оларды қалай жүзеге асыруға болатынын ойластырыңыз. Кіші қадамдардан бастаңыз, өйткені жолды жүрген адам ғана еңсереді. Сондай-ақ жаңа қабілеттеріңізді ашуға уақыт бөліңіз — олардың бар екені анық. Өзіңізді әр жерде жайлы сезіну үшін ыңғайлы киімдерді жиі таңдаңыз.
Тауешкі
Жұмыс күш-қуатыңызды тез сарқуы мүмкін. Бұған қарсыласпаңыз, бірақ шаршауды да елемей қалдырмаңыз. Өз жағдайыңызды бақылап отырсаңыз, өнімді болып, дер кезінде демала аласыз. Сіздің тартымдылығыңыз мансапта да, жеке өмірде де қайтадан көмектеседі. Осы серпінге ерік беріңіз — не болса да болсын. Айтпақшы, образ да соған сай — еліктірерлік әрі сезімтал болуы тиіс.
Суқұйғыш
Қаңтарда сізді өзгерістер күтеді. Олар ішкі сипатта болады, сондықтан айналаңыздағы адамдар оны бірден байқамауы мүмкін. Бірақ сіз бұрынғыдай болмайтыныңызды жақсы білесіз. Жан дүниеңізде болып жатқанның бәрін образ жақсы көрсетеді — ерекше, стандарттан тыс әрі көз тартарлық. Қызық үлгідегі шалбар мен әдемі үстіңгі киімнен бастаңыз.
Балықтар
Қазір сізге дипломатиялық қабілет аса қажет. Қақтығыстар мен мәселелерді шешу оңайырақ болады, ал сіздің тартымдылығыңыз көмектеседі. Қаржы саласында да жағдай жақсы өрбиді, сондықтан жаңа жылдық мерекелер аяқталуға жақын болса да, өзіңізге сыйлық жасауға болады. Қаңтарға арналған сән жұлдыз жорамалы еске салады: аутентті әрі трендтегі сөмке қысқы маусымды шыршадағы ең жарқын шамдардан кем емес көрікке бөлейді.
Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан.