Жылдың басы-ақ бәрін өз орнына қояды. Алдыңғы қатарға оқу, жаңа дағдылар және жеке өмірді қайта ой елегінен өткізу шығады. Көпшілік тереңірек ойланғысы келеді — өмірдің мәні, құндылықтар мен өз жолы туралы. Бұл ай ішкі дамуға жақсы бастау болмақ. Қалғанын қаңтар айына арналған жұлдыз-жорамал айтып береді.
Тоқты
Қаңтарда Тоқтылардың үйде тәртіп орнатуға немесе тіпті жөндеу жасауға мүмкіндігі туады. Жайлылық пен жаңаруға деген ықылас артады — мұндай өзгерістерге дәл қазір қолайлы уақыт. Жеке өмірде де жағымды өзгерістер күтіледі: бойдақ Тоқтылар өздерін тыныш әрі сенімді сезінетін адамды кездестіруі мүмкін.
Торпақ
Торпақтарға отбасы мен жақын қарым-қатынастың қаншалықты маңызды екені еске салынады. Үйде, жақын жандардың қасында көбірек уақыт өткізгісі келеді. Ал жұмысқа келсек, аздап үзіліс алған дұрыс: жаңа жобаларды кейінге қалдырып, қаңтарды қорытынды жасап, жоспарларды қайта бағалауға арнаған жөн.
Егіздер
Егіздер күнделікті міндеттерге қайтадан белсене кіріседі, бұл тек пайдасын тигізеді. Қазір бәрін өзіңізге ыңғайлы етіп ұйымдастыра аласыз. Жеке өмірде эмоциялар мен құмарлық күшеюі мүмкін, бірақ сабырлы әңгіме мен парасатты ой артық драмадан сақтайды.
Шаян
Шаяндар қаңтарда өз-өзімен жұмыс істеуге уақыт бөледі. Бұрынғы сенімдер енді пайда әкелмейді, ал жаңалары әлі де жат көрінуі мүмкін. Байқап көріңіз, үйреніңіз, сұрақ қойыңыз: дәл қазір қызығушылық — сіздің басты одақтасыңыз. Кейде күмәндансаңыз да, дұрыс бағытта келе жатырсыз.
Арыстан
Арыстандардың көңіл күйі қалғанның бәріне тікелей әсер етеді. Эмоциялық жағдай сіздің әрекеттеріңіз бен сөздеріңізге байланысты болады. Неғұрлым игі әрі жасампаз іс көп болса, жыл басы соғұрлым жеңіл өтеді. Теріс ойдың жиналуына жол бермеңіз — ол сізге қазір қажет емес.
Бикеш
Бикештер ішкі тұрақтылық пен сенімділікті сезінеді. Басымдықтарды айқындау және кіммен жолыңыз бір екенін түсіну оңайырақ болады. Өсуге ұмтылмайтын адамдарды өзіңізбен бірге сүйреуге құлқыңыз болмайды. Көптен бері мазалаған қиындықтар, тіпті жылдар бойы созылғандары да, біртіндеп шешіле бастайды.
Таразы
Таразыларға өзіне және дамуына байыппен көңіл бөлу қажет. Оқуға бару, курстарға немесе марафондарға жазылу үшін қолайлы кезең. Ақыл-ой еңбегіне басымдық беріңіз — дәл қазір ол белсенді физикалық жүктемеден гөрі көбірек пайда әкеледі.
Сарышаян
Сарышаяндар қарқынды бәсеңдетпесе, жағдайдан барынша пайда шығара алады. Өзін-өзі тәртіпке салу, табандылық пен қайсарлық — сіздің басты артықшылықтарыңыз. Көпшілік үшін бұл нәтижеге апарар соңғы кезең болуы мүмкін, сондықтан ерте берілмеңіз.
Мерген
Мергендер қаңтарда таңдау алдында қалады: үлкен жоспарларды іске асыру немесе үзіліс алып, демалуға кету. Өзіңізді және көңіл күйіңізді тыңдаңыз — адал қабылданған кез келген шешім дұрыс болады.
Тауешкі
Тауешкілер күш-қуатты тек жұмыс пен белсенділік арқылы сезінеді. Ақыл-ой және физикалық жүктемелер бірдей пайдалы. Ал тым босаңсып кетсеңіз, тез арада селқостыққа ұрынуыңыз мүмкін. Тағы бір маңызды жайт — сөздеріңізге абай болыңыз, қазір олардың салмағы ерекше.
Суқұйғыш
Суқұйғыштарға қаржы мәселесінде сақ болған жөн: уақытша қаржылық қиындықтар туындауы мүмкін. Бірақ үрейленуге негіз жоқ. Балама жолдарды іздеңіз: спортзалдың орнына таза ауада жүгіру, барлардың орнына үйдегі жайлы кештер. Әрқашан шығатын жол бар.
Балықтар
Балықтарды қаржы жағынан сәтті кезең күтіп тұр. Жағдайлар сіздің пайдаңызға шешіледі. Дегенмен демалысты ұмытпай, өзіңізді шаршатпаңыз. Үзіліс жасауға рұқсат беріңіз. Сонымен қатар қаңтар жұлдыз жорамалы бұрыннан араласпай кеткен әріптестермен де, достармен де қарым-қатынасты жақсартуға мүмкіндік бар екенін айтады.
Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан.