Келісіңізші, күн неғұрлым ысыған сайын, біз соғұрлым батыл тәжірибелерге бейім боламыз. Сол себепті, біз сіздерге осы маусымда-ақ жасап көруге болатын ерекше әрі батыл маникюр идеяларын жинадық. Кейбір шеберлер көлемді дизайннан, теңіз эстетикасынан немесе екі жыл бұрын танымал болған tomato girl стилінен шабыт алуға кеңес береді. Әрине, минимализмді ұнататындар үшін де ұнамды нұсқалар да табылады. Айтпақшы, жаз мезгілінде түрлі-түсті лакпен лаконикалық идеяларыңызды жүзеге асыруға тамаша мүмкіндік бар. Сары май мен сүт түстес реңктер де мінсіз таңдау болмақ. Сонымен қатар, сюрреализм әлеміне еніп көрсеңіз немесе тек бір қолыңызға ғана нейл-арт жасап, екінші қолыңызды табиғи күйде қалдырсаңыз да болады.
Біз сізге шабыт сыйлайтын және жазғы маникюрге арналған ең әдемі идеяларды қайдан табуға болатынын төменде көрсетеміз.
Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан.