Димаш Құдайберген 100 жылдан астам тарихы бар әнге арнап бейнебаян түсірді! Клип музыканттың фан-базасына арналғаны рас па?
Фото. Instagram @kudaibergenov.dimash

Димаш Құдайберген 100 жылдан астам тарихы бар әнге арнап бейнебаян түсірді! Клип музыканттың фан-базасына арналғаны рас па?


Димаш Құдайбергеннің көптен күткен бейнебаяны жарық көрді. Әлемге әйгілі музыкант - белгілі қазақ ақыны әрі жазушысы, қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі Сәкен Сейфуллиннің «Tau ishinde» атты танымал әніне арнап клип таспалады. Деректерге сүйенсек, аталмыш туынды 1919 жылы шығарылған деген болжамдар айтылады. Оны әнші ақын тау ішінде аттың үстінде келе жатып шығарған. Кейіннен ән халық арасында кеңінен таралып, түрлі өнерпаздар орындап кеткен еді.

Жаңа клип - 9 минуттық кино форматында таспаланған. Басты рөлде: Азат Сейтметов, Данагүл Темірсұлтанова, Айым Сейтметова сынды өнерлі отбасы және Димаш Құдайбергеннің өзі. Сюжет желісін көрген DEARS, бейнебаяндағы бас кейіпкердің орнында өздерін көргендерін жарыса жазуда.


Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше