Суық тиген кезде теріге қалай күтім жасау керек?
Фото. Shutterstock. Авторы. ViDI Studio

Суық тиген кезде теріге қалай күтім жасау керек?

Гүлдана Мұқан
23 декабря 2025

Қыс мезгілінде ағзамыз түрлі инфекцияларға әлдеқайда осал келеді. Алғашқы аяз, жылыту жүйесіндегі тұрақсыздық және басқа да факторлар иммунитеттің әлсіреуіне әсер етеді. Сондықтан дәл осы кезеңде денсаулыққа ерекше мән беру маңызды. Алайда бұл тек ішкі ағзаға ғана емес, теріге де қатысты, деп хабарлайды Harper’s BAZAAR España. Осы орайда Harper’s BAZAAR Kazakhstan суық тиген кезде теріні қалай күту керектігін баяндайды.

Суық тию немесе вирус тері күйіне қалай әсер етеді?

Тері – ағзамыздың жалпы жағдайын көрсететін басты индикаторлардың бірі. Мәселен, суық тиген кезде бетте безеулер жиі пайда болуы мүмкін. Ағзада жиналған токсиндер терлеуді күшейтеді, ал бұл өз кезегінде майдың (себумның) көп бөлінуіне және акненің пайда болуына әкеледі. Нәтижесінде бактериялардың көбеюіне қолайлы орта қалыптасады. Сонымен қатар, мұрын бітеліп, жиі сүртілсе, бет терісінде құрғақтық пен тартылу сезімі пайда болады. Терінің қорғаныш қабаты әлсіреп, қабыну мен қызару байқалуы мүмкін.

Суық тиген кезде теріге қалай күтім жасау керек?
Фото. Shutterstock. Авторы. Pixel-Shot

Суық тиген кезде теріге қалай дұрыс күтім жасау керек?

Мамандар суық тию кезінде тері күтімінде үш негізгі қадамды сақтауға кеңес береді. Біріншіден, теріні жақсы ылғалдандыру қажет. Бұл құрғақтықты азайтып, теріні серпімді әрі жұмсақ етеді. Екіншіден, қорғаныш тосқауылын нығайту маңызды. Ол себум бөлінуін реттеп, терінің шамадан тыс майлануын бақылауға көмектеседі. Ал үшіншіден, пре- және пробиотиктерге бай формулалар бактериялардың көбеюін тежеп, акненің пайда болуын азайтады. Суық мезгілде теріге дұрыс күтім жасау – оның саулығы мен сұлулығын сақтаудың басты кепілі.


Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше